Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 726-бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Панфилов ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданған кезде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесін есепті салық кезеңі үшін салық салу объектісіне 4 (төрт) пайыздан 3(үш) пайызға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі және ресми жариалануға жатады.
| Мәслихат төрағасы | Е.Шоқпаров |
