Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің "Республикалық терминология комиссиясы туралы" 2024 жылғы 18 наурыздағы № 116 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 432 бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес, Республикалық терминология комиссиясының құрамын өзектендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің "Республикалық терминология комиссиясы туралы" 2024 жылғы 18 наурыздағы № 116 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық терминология комиссиясының құрамында:

      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3.

Хатшы


Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Лингвистикалық жұмыстар басқармасының басшысы.

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр С. Нұрбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады