"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі құрылымының қайта ұйымдастырылуына байланысты БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1-к бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
19-тармақтың 5) тармақшасы алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті белгіленген мерзімде осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 1-к бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 22 шілдедегі № 392 бұйрығының күші жойылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | С. Нұрбек |