Бұрынғы Жезқазған кентінің оңтүстігінде орналасқан зиратты жою, марқұмдардың сүйегін қайта жерлеу және бейіт құрылыстарын көшіру туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 83/01 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № ҚР ДСМ-81 бұйрығымен бекітілген "Зираттар мен жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына, Ұлытау облысы мәслихатының 2024 жылғы 10 мамырдағы № 127 шешімімен бекітілген Ұлытау облысындағы жерлеу және қабірлерді күтіп-ұстау ісін ұйымдастыру қағидаларына, сондай-ақ 2016 және 2024 жылдары "ҚазНИМИ" ЖШС әзірлеген "Жезқазған кен орны қуыстарын басқарылатын түрде жабудың жаңа технологиясын әзірлеу" ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі есепке, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Тау-кен байыту кешенінің геомеханикалық бөлімінің 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 01-7.10.2.4-9-152 бұрынғы Жезқазған кентінің оңтүстігінде орналасқан зират аумағында топырақтың опырылу қаупі бар екендігі туралы қорытындысына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 23-29-2-9/2113 қорытындысына, жерленген азаматтардың туыстарының өтініштерін ескере отырып, Ұлытау облысының әкімі Д.А. Рысбеков төрағалық еткен 2025 жылғы 8 желтоқсандағы бұрынғы Жезқазған кентінің оңтүстігінде орналасқан зиратты көшіру (қайта жерлеу) мәселесі бойынша өткізілген кеңестің хаттамалық тапсырмасына, сондай-ақ 2025 жылы "Victoria-проект" ЖШС әзірлеген "Сәтбаев қаласындағы зират аумағында жер асты суларының орналасуын және топырақтың жай-күйін анықтау бойынша инженерлік-геодезиялық жұмыстар" есебін ескере отырып, ҚАЛА ӘКІМДІГІ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бұрынғы Жезқазған кентінің оңтүстігінде орналасқан, кадастрлық нөмірі 25:112:020:1292 болатын ескі зираттағы 1888 жерлеу орнын және қабір үсті құрылыстарын көшіру (қайта жерлеу) жұмыстары басталсын;

      2. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі алдағы қайта жерлеу жұмыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жариялауды қамтамасыз етсін;

      3. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі жерленгендердің туыстарымен және Сәтбаев қаласының жұртшылығымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырсын;

      4. Бұрынғы Жезқазған кентінің оңтүстігінде орналасқан, кадастрлық нөмірі 25:112:020:1292 болатын зиратты көшіру (қайта жерлеу) жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін өз құзыреті шегінде барлық қажетті нормативтік-құқықтық және рұқсат беру құжаттамасының рәсімделуін қоса алғанда, қажетті іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етілсін;

      5. "Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қайта жерлеу жұмыстары аяқталғаннан кейін бұрынғы Жезқазған кентінің оңтүстігінде орналасқан, кадастрлық нөмірі 25:112:020:1292 болатын зират орналасқан жер учаскесіне құқықтардың тоқтатылуын қамтамасыз етсін;

      6. Зиратты қайта жерлеу жұмыстарына жауапты тұлға ретінде Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Е.С. Орманов айқындалсын;

      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қаласының әкімі М. Бурибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады