Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің "Бұрынғы Жезқазған кентінің оңтүстігінде орналасқан зиратты жою, марқұмдардың сүйегін қайта жерлеу және бейіт құрылыстарын көшіру туралы" 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 83/01 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
1. Бұрынғы Жезқазған кентінің оңтүстігінде орналасқан, кадастрлық нөмірі 25:112:020:1292 болатын ескі зираттағы 2146 жерлеу орнын және қабір үсті құрылыстарын көшіру (қайта жерлеу) жұмыстары басталсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Сәтбаев қаласының әкімі | М. Бурибаев |
