Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № ҚР ДСМ-81 бұйрығымен бекітілген "Зираттар мен жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына, Ұлытау облысы мәслихатының 2024 жылғы 10 мамырдағы № 127 шешімімен бекітілген Ұлытау облысындағы жерлеу және қабірлерді күтіп-ұстау ісін ұйымдастыру қағидаларына, сондай-ақ 2016 және 2024 жылдары "ҚазНИМИ" ЖШС әзірлеген "Жезқазған кен орны қуыстарын басқарылатын түрде жабудың жаңа технологиясын әзірлеу" ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі есепке, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Тау-кен байыту кешенінің геомеханикалық бөлімінің 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 01-7.10.2.4-9-152 бұрынғы Жезқазған кентінің оңтүстігінде орналасқан зират аумағында топырақтың опырылу қаупі бар екендігі туралы қорытындысына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 23-29-2-9/2113 қорытындысына, жерленген азаматтардың туыстарының өтініштерін ескере отырып, Ұлытау облысының әкімі Д.А. Рысбеков төрағалық еткен 2025 жылғы 8 желтоқсандағы бұрынғы Жезқазған кентінің оңтүстігінде орналасқан зиратты көшіру (қайта жерлеу) мәселесі бойынша өткізілген кеңестің хаттамалық тапсырмасына, сондай-ақ 2025 жылы "Victoria-проект" ЖШС әзірлеген "Сәтбаев қаласындағы зират аумағында жер асты суларының орналасуын және топырақтың жай-күйін анықтау бойынша инженерлік-геодезиялық жұмыстар" есебін ескере отырып, ҚАЛА ӘКІМДІГІ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бұрынғы Жезқазған кентінің оңтүстігінде орналасқан, кадастрлық нөмірі 25:112:020:1292 болатын ескі зираттағы 2146 жерлеу орнын және қабір үсті құрылыстарын көшіру (қайта жерлеу) жұмыстары басталсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 20.03.2026 № 14/05 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі алдағы қайта жерлеу жұмыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жариялауды қамтамасыз етсін;
3. "Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі жерленгендердің туыстарымен және Сәтбаев қаласының жұртшылығымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырсын;
4. Бұрынғы Жезқазған кентінің оңтүстігінде орналасқан, кадастрлық нөмірі 25:112:020:1292 болатын зиратты көшіру (қайта жерлеу) жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін өз құзыреті шегінде барлық қажетті нормативтік-құқықтық және рұқсат беру құжаттамасының рәсімделуін қоса алғанда, қажетті іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етілсін;
5. "Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қайта жерлеу жұмыстары аяқталғаннан кейін бұрынғы Жезқазған кентінің оңтүстігінде орналасқан, кадастрлық нөмірі 25:112:020:1292 болатын зират орналасқан жер учаскесіне құқықтардың тоқтатылуын қамтамасыз етсін;
6. Зиратты қайта жерлеу жұмыстарына жауапты тұлға ретінде Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Е.С. Орманов айқындалсын;
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Сәтбаев қаласының әкімі | М. Бурибаев |