Ұлытау облыстық мәслихатының VIII сессиясының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 92 "Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды қосымша беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ұлытау облыстық мәслихатының 2025 жылғы 3 шілдедегі № 259 шешімі

      Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұлытау облыстық мәслихатының VIII сессиясының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 92 "Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды қосымша беру туралы" шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Б.Шингисов

  Ұлытау облыстық
мәслихатының XXVII
сессиясының 2025 жылғы
3 шілдедегі
№259 шешіміне қосымша
  Ұлытау облыстық
мәслихатының
VIII сессиясының
2023 жылғы 5
желтоқсандағы
№92 шешіміне қосымша

Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды қосымша тізбесі

      1. "Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы" - "Этеплирсен" препараты;

      2. "Муковисцидоз" - "Тобрамицин" препараты;

      3. "Өкпе артериялық гипертензиясы ересектер" - "Силденафил" препараты;

      4. "Өкпе артериялық гипертензиясы ересектер" - "Риоцигуат" препараты;

      5. "Кәмелетке толмаған идиопатиялық артрит" - "Голимумаб", "Адалимумаб" препараты;

      6. "Бехтерев ауруы" - Инфликсимаб препараты;

      7. "Созылмалы идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура" - "иммуноглобулин G (адамның қалыпты)" препараты;

      8. "Жүрекшелердің созылмалы фибрилляциясы (атриальды фибрилляция)" - "Ривароксабан" препараты;

      9. "Төменгі аяқ артерияларының атеросклерозын облитерациялау" - ривароксабан препараты;

      10. "Жүйелік склеродерма" - "Метилпреднизолон" препараты;

      11. "Ревматоидты артрит" - "Адалимумаб" препараты;

      12. "Басқа нақтыланған жүйелік зақымдану" - "Анакинра" препараты;

      13. "Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы" - "Олодотерол" препараты;

      14. "Ойық жаралы колит" - "Адалимумаб" препараты;

      15. "Артропиялық псориаз" - Гуселькумаб препараты;

      16. Кәмелетке толмаған балалардың идиопатиялық артриті- голимумаб; Тоцилизумаб тері астына енгізуге арналған ерітінді;

      17. Шашыраңқы склероз –Кладрибин, Сипонимод препараттары;

      18. Тұқым қуалайтын ангионевроздық ісіну – С1- плазма негізіндегі ингибитор препараттары;

      19. Оптикомиелит (Девик ауруы) - Сатрализумаб тері астына енгізуге арналған ерітінді:

      20. Гипогликемияның басқа түрлері- Ланреотид бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінділер;

      21. Оптиконевромиелит (девик ауруы)- Ритуксимаб инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған концентрат;

      22. Тұқым құалайтын қуық нейрофибромасы – Селуметиниб таблеткалар;

      23. "Аллергиялық компоненттің басым болуымен астма" - Тезепелумаб препараты;

      24. "Бастапқы иммунитет тапшылығы. Комплимент жүйесіндегі ақау. Тұқым қуалайтын ангиоэдема"- Ланаделумаб препараты;

      25. "Басқа тұқым қуалайтын жұлын бұлшықет атрофиялары. Кугель-Берга-Веландра баяу прогрессивті курс" - Рисдиплам препараты.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады