Сәтбаев қаласының атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ұлытау облысының әкімдігінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 02-қ бірлескен қаулысы және Ұлытау облыстық мәслихатының 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 28/271 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Сәтбаев қаласы халқының пікірін ескере отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 10 қыркүйегіндегі қорытындысы негізінде Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сәтбаев қаласының атаусыз көшелеріне келесідей атаулар берілсін:

      Шығыс 1 көшесін – Хамит Жакенов көшесі;

      Шығыс 2 көшесін – Егізек Сердалинов көшесі;

      Шығыс 3 көшесін – Әбіш Исатаев көшесі;

      Шығыс 4 көшесін – Бірман Сүлейменов көшесі;

      Шығыс 5 көшесін – Қожа Қалиев көшесі.

      2. Осы бірлескен облыс әкімдігінің қаулысы және облыстық мәслихат шешімінің орындалуын бақылау Ұлытау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлытау облысының әкімі Д. Рыспеков
      Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Б. Шингисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады