Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мирный ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мирный ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 7 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Жамбыл облысының ономастика комиссиясының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі қорытындысына сәйкес, Мирный ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мойынқұм ауданы Мирный ауылының "Ленин" көшесі "Жібек жолы" көшесі, "Н.Пирогов" көшесі "Жерұйық" көшесі, "Строительная" көшесі "Жастар" көшесі, "Пионерская" көшесі "Байрақ" көшесі, "Октябрьская" көшесі "Зеренді" көшесі, "Космонавтов" көшесі "Ынтымақ" көшесі, "Ю.Гагарина" көшесі "Бірлік" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі С. Аманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады