"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48 және 50-баптарына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 181131 болып тіркелді), сондай-ақ Мойынқұм ауданы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның 2025 жылғы 2 қыркүйектегі кезектен тыс отырысының № 4 хаттамасына сәйкес, Мойынқұм ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылынан оңтүстік-шығыс бағытта шамамен 2 (екі) шақырым қашықтықтан өтетін магистралды ауыз су құбырында орын алған апаттық жағдайдың салдарынан Мойынқұм ауылы тұрғындарының тыныс-тіршілігінің бұзылу қаупі туындауына байланысты, "Мойынқұм ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Мойынқұм су-жылу" шаруашылық жүргізу құқығындағы мамандандырылған көпсалалы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміндегі магистралды су құбырлары желілерінде объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары Нурадинов Алибек Нагыметуллаевич тағайындалсын және оған техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзімде қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Е. Карентаев |