Меркі ауданы Сарымолдаев ауылдық округі Сарымолдаев ауылының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі ауданы Сарымолдаев ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 198 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі қорытындысы негізінде және халықтың пікірін ескере отырып, Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Меркі ауданы Сарымолдаев ауылдық округі Сарымолдаев ауылының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:

      1) Ращупкин 1 – ші тұйық көшесі – Зеренді тұйық көшесіне;

      2) Ращупкин 2 – ші тұйық көшесі – Киелі бұлақ тұйық көшесіне;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі С. Бабижанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады