"Меркі ауданы бюджетінен қаржыландырылатын Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Меркі медиа орталығы" КММ-нің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 45-4 шешімі

      "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, Меркі ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртіпте Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Меркі медиа орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемеақысы 60% пайыз көлемінде белгіленсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Меркі аудандық мәслихатының төрағасы М. Көкрекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады