Аягөз ауданы Қопа ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Абай облысы Аягөз ауданы Қопа ауылдық округі әкімдігінің 2025 жылғы 10 қазандағы № 108/02-25 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Абай облысының ономастикалық комиссиясына ұсыныс енгізу туралы" бірлескен Аягөз ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 08 шілдедегі № 230 қаулысы мен Аягөз аудандық мәслихатының 2025 жылғы 03 шілдедегі № 26/462-VIII шешімі негізінде, Абай облысының ономастика комиссиясының 2025 жылғы 12 қыркүйектегі қорытындысын ескере отырып, Аягөз ауданы Қопа ауылының әкімдігі ШЕШТІ :

      1. Аягөз ауданы Қопа ауылының:

      2 көшесі – Жастар көшесі;

      3 көшесі – Құрманғазы көшесі;

      4 көшесі – Сәкен Сейфуллин көшесі;

      5 көшесі – Болашақ көшесі;

      6 көшесі – Шоқан Уәлиханов көшесі;

      7 көшесі – Бірлік көшесі;

      8 көшесі – Ардагерлер көшесі;

      9 көшесі – Дәстүр көшесі;

      10 көшесі – Береке көшесі;

      11 көшесі – Еңбекшілер көшесі;

      12 көшесі – Жерұйық көшесі;

      13 көшесі – Бәйтерек көшесі;

      14 көшесі – Достық көшесі;

      15 көшесі – Қарасу көшесі деп қайта аталсын.

      2. Осы Аягөз ауданы Қопа ауылы әкімдігінің шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аягөз ауданы Қопа ауылының әкімі Е. А. Абдыкадыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады