"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4)-тармақшасына, 31-бабына сәйкес, Абай облысының ономастика комиссиясының 2025 жылғы 12 қыркүйектегі қорытындысы негізінде, Аягөз ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аягөз ауданы Аягөз қаласының "Жаңа көше-1" көшесі Әбілкәрім Темірханов көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы бірлескен Аягөз ауданы әкімдігінің қаулысы мен Аягөз аудандық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аягөз ауданының әкімі | Д. Шәкәрімов |
| Аягөз аудандық мәслихат төрағасы | А. Ибрайшин |
