ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ереже бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 8 ақпандағы № 46 бұйрығы;
2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 8 ақпандағы № 46 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 12 тамыздағы № 274 бұйрығы.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ереженің 15-тармағының 115) және 116) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 432 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, қорғау, өсімін молайту және пайдалану, сондай-ақ аквашаруашылық, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлері (каспий итбалығы) бөлігінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында басшылықты жүзеге асырады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Комитет егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, онда мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 13-кіреберіс.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің міндеттері, құқықтары мен міндеттемелері
13. Міндеттері:
1) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану, сондай-ақ аквашаруашылық саласындағы реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын орындау, сондай-ақ стратегиялық функцияларды орындауға қатысу;
2) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлері (каспий итбалығы) бөлігінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын орындау, сондай-ақ стратегиялық функцияларды орындауға қатысу;
3) инвестициялық ахуалды жетілдіру және аквашаруашылық объектілері мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің экспорттық әлеуетін дамыту;
4) аквашаруашылық субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру үшін аквашаруашылық саласында инновациялық және (немесе) индустриялық технологиялар мен процестердің енгізілуін қолдау;
5) аквашаруашылық саласында ғылымды дамыту, жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
6) ішкі нарықты отандық аквашаруашылық өнімімен молықтыру;
7) аквашаруашылық саласындағы мемлекеттік ынталандыру;
8) "Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аквашаруашылықтың органикалық өнімі өндірісін дамытуды қамтамасыз ету.
14. Құқықтары мен міндеттемелері:
1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
2) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану жөнінде түсіндірмелер мен түсініктемелер беру;
3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайларда және тәртіппен жұмыскерлерді көтермелеу, тәртіптік жаза қолдану, жұмыскерлерді материалдық жауаптылыққа тарту;
4) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
5) Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар беру;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитеттің құқықтары мен мүддесін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талапарыздар беру;
7) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде (бұдан әрі – ӘРПК) көзделген жағдайларда өз құзыреті шегінде әкімшілік органдарға, лауазымды адамдарға жәрдем көрсету;
8) ӘРПК-да белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтарын іске асырудан бас тарту;
9) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
10) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, арыздары мен шағымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау;
11) жолданымдарды қабылдау және тіркеу, оларды және оларға қоса берілген құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу, формалды қателерді жоюға және қоса берілетін құжаттарды толықтыруға мүмкіндік беру;
12) әкімшілік рәсімге қатысушыға оның әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша құқықтары мен міндеттемелерін түсіндіру;
13) әкімшілік рәсімге қатысушыны өткізілетін тыңдау орны мен уақыты туралы күні бұрын хабардар ету;
14) ӘРПК-да көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік рәсім бойынша шешім қабылдау алдында әкімшілік рәсімге қатысушыны тыңдау;
15) әкімшілік актіні ӘРПК-да белгіленген тәртіппен әкімшілік рәсімге қатысушының не оның өкілдерінің назарына жеткізу;
16) Комитеттің аумақтық органдарының, сондай-ақ Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру;
17) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
18) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттемелерді жүзеге асыру.
15. Комитеттің функциялары:
1) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану, сондай-ақ аквашаруашылық, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлері (каспий итбалығы) бөлігінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалану, сондай-ақ аквашаруашылық, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлері (каспий итбалығы) бөлігінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
3) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану, сондай-ақ аквашаруашылық, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлері (каспий итбалығы) бөлігінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
4) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді;
6) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
7) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді;
8) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі жолданымдарын қарайды;
9) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдайды;
10) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
11) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызмет енгізілгеннен кейін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны электрондық форматта көрсетуге ауыстыру жөніндегі шаралар қабылдайды;
12) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз етеді;
13) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына бағалау жүргізу үшін ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде берілуін қамтамасыз етеді;
14) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану, сондай-ақ аквашаруашылық саласында мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділік береді;
15) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына реттелетін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат береді;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізеді;
17) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтауын қамтамасыз етеді;
18) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі шаралар қабылдайды;
19) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
20) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану, сондай-ақ аквашаруашылық саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылаудың нәтижелері бойынша ақпараттың берілуін қамтамасыз етеді;
21) балықтар мен басқа да су жануарларының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесін әзірлейді;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
23) "Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аквашаруашылық саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді;
24) балық ресурстарының және басқа да су жануарларының санын реттеу қағидаларын әзірлейді;
25) Қазақстан Республикасының Үкіметіне балықтардың және басқа да су жануарларының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою және олардың алынатын көлемдерін бекіту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
26) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беру қағидаларын әзірлейді;
27) су айдындарына балық жіберу, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын әзірлейді;
28) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
29) ихтиологиялық байқаулар қағидаларын әзірлейді;
30) эпизоотияны болғызбау мақсатында сирек кездесетіндерден және құрып кету қаупі төнгендерден басқа, балықтар мен басқа да су жануарларын пайдалану қағидаларын әзірлейді;
31) балықтар мен басқа да су жануарларын мониторингтеу қағидаларын әзірлейді;
32) балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидаларын әзірлейді;
33) Үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жабайы тірі жануарларды (балықтарды және басқа да су жануарларын), оның ішінде сирек кездесетіндері мен жойылып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан экспорттауға арналған лицензияны береді;
34) кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін әзірлейді;
35) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдар инспекторларының арнайы құралдар мен қызметтік қаруды қолдану, сондай-ақ қорықшылардың қызметтік қаруды қолдану қағидаларын әзірлейді;
36) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін балықтар мен басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді;
37) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтерді әзірлейді;
38) қорықшы төсбелгісінің және балық шаруашылығы субъектілерінің айырым белгілері бар арнайы киімнің нысанын әзірлейді;
39) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдарының тізбесін әзірлейді;
40) балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ережені әзірлейді;
41) жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны балық шаруашылықтары субъектілеріне беру тәртібін әзірлейді;
42) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген санаттарға жатқызылған балықтар мен басқа да су жануарлары түрлерінің тізбелерін айқындайды және сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызуды қоспағанда, оларды бір санаттан басқа санатқа ауыстырады;
43) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру қағидаларын әзірлейді;
44) балық ресурстары және басқа да су жануарлары дериваттарының тізбесін әзірлейді;
45) балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу қағидаларын әзірлейді, оларды аккредиттеуді жүргізеді;
46) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою лимиттерін әзірлейді;
47) балық аулау объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын әзірлейді;
48) халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін әзірлейді;
49) мемлекеттік монополия субъектісінің бекіре тұқымдас балық түрлерінің өнімін қайта өңдеу кезіндегі қалдықтар, ысыраптар және шикізат шығыстары нормаларын әзірлейді;
50) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерін, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарды және мамандандырылған ұйымдарды материалдық-техникалық құралдармен жарақтандыру нормаларын әзірлейді;
51) балық аулау қағидаларын әзірлейді;
52) балық шаруашылығын жүргізу қағидаларын әзірлейді;
53) Қазақстан Республикасының балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін анықтайды;
54) мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның табиғи мекендеу ортасынан алып қойылған бекіре тұқымдас балық түрлерін және олардың уылдырығын өткізу қағидаларын әзірлейді;
55) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді;
56) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын мемлекеттік қорғау туралы ережені әзірлейді;
57) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды белгілеу қағидаларын әзірлейді;
58) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізу қағидаларын әзірлейді;
59) балық аулау объектілері болып табылатын балықтар мен басқа да су жануарларының бағалы түрлерінің тізбесін әзірлейді;
60) балықтардың және басқа да су жануарларының сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, оның ішінде Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, көбейту қағидаларын әзірлейді;
61) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға биологиялық негіздеме дайындау тәртібін әзірлейді;
62) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін әзірлейді;
63) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және онымен қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді;
64) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның орнын толтыру мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлейді;
65) балықшы және қорықшы куәліктерінің нысаны және оларды беру тәртібін әзірлейді;
66) балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысандарын әзірлейді;
67) балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын әзірлейді;
68) су тарту және ағызу құрылысжайларының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды әзірлейді, оларды орнатуды келіседі;
69) балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерде су көлігі қозғалысының тәртібін әзірлейді;
70) ішкі және сыртқы нарықтарда сауда жасау үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау тәртібін және сыртқы нарықта бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған таңба нысанын әзірлейді және ішкі нарықта саудалауға таңба беруді жүзеге асырады;
71) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекаралары аншлагтарының үлгілерін, сондай-ақ балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналының) нысанын әзірлейді;
72) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды (балықтар мен басқа да су жануарларын) қолдан өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
73) балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама нысанын әзірлейді;
74) монополияға қарсы органмен келісу бойынша мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;
75) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын балықтар мен басқа да су жануарларын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсаттар беруді жүзеге асырады;
76) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кәсіпкерлік кодексі) 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне жүргізілетін тексерулер жүргізу графиктерін және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып жүргізілетін профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдерін әзірлейді;
77) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектісінде орналастырылатын бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына, тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлейді;
78) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды;
79) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылу аясына кіретін балықтардың және басқа да су жануарларының түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсаттар беруді жүзеге асырады;
80) интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру мақсатында аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерде аулауды жүзеге асырады және (немесе) ұйымдастырады, сондай-ақ бақылау үшін аулауды жүзеге асырады;
81) балықтар мен басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды жүргізуге рұқсаттар береді;
82) екі және одан көп облыста орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
83) балықтар мен басқа да су жануарларын мемлекеттік есепке алуды, оның кадастры мен мониторингін жүргізуді ұйымдастырады;
84) балықтардың қырылуына сөзсіз алып келетін қырылу қаупі туындаған және су объектілеріне немесе олардың бөліктеріне ағымдағы балық шаруашылығы мелиорациясын жүргізу жолымен мұндай қатердің бетін қайтару мүмкін болмаған жағдайларда ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;
85) су тарту және ағызу құрылысжайларын балықтарды қорғау құрылғыларының бар-жоғына және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне қарап-тексеруді жүзеге асырады;
86) балықтар мен басқа да су жануарларын интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүзеге асыру тәртібінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
87) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын айқындау мақсатында жануарлар дүниесін (балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде) пайдаланушылардың қызметін тексереді;
88) балық ресурстары мен басқа да су жануарлары бөлігінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
89) балық шаруашылығын жүргізу қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
90) балық аулау қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
91) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормалар мен нормативтердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
92) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
93) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға белгіленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
94) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 1 және 2-тармақтарында балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде көрсетілген шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыратын субъектілер әзірлейтін техникалық-экономикалық негіздемені және жобалау-сметалық құжаттаманы келіседі;
95) Үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жабайы тірі жануарларды (балықтарды және басқа да су жануарларын), оның ішінде сирек кездесетіндері мен жойылып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге арналған қорытындыны (рұқсат беру құжатын) береді;
96) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өсімін молайтуды және оларды мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
97) балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық аулауға тыйым салынған кезеңде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған жерлерде қозғалтқыштары қосылған су көлігінің барлық түрлерінің жүруін келіседі;
98) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуларды енгізу туралы шешім қабылдайды, тиісті ғылыми ұйымдар берген биологиялық негіздеме негізінде оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілейді;
99) халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізеді;
100) жергілікті атқарушы органдарға балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
101) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымдардың ұсынымы бойынша тыйым салудың жалпы ұзақтығын өзгертпестен, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қоюға тыйым салу мерзімін табиғи-климаттық жағдайларға байланысты қайсыбір жағына күнтізбелік он бес күнге ауыстыру туралы шешім қабылдайды;
102) балық аулау аймағында және ортақ су кеңістігінде су биологиялық ресурстарын аулау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат береді;
103) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органға республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
104) балықтар мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері бойынша сотқа талап қою дайындайды және ұсынады;
105) балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру қағидаларын және инвесторға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
106) балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы шешімдер қабылдайды;
107) балық шаруашылығы және аквашаруашылық субъектілерінің қызметіне балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мерзімді тексеру жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді;
108) қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін әзірлейді;
109) екі және одан көп облыста орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерін пайдалануға рұқсаттар береді;
110) халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде шешімдер қабылдайды;
111) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптардың нақты бұзылуына қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін, осы шараны қолдану мерзімін (қажет болған кезде) көрсете отырып айқындайды;
112) аквашаруашылықты дамытудың жай-күйін бағалауды жүргізу қағидаларын әзірлейді;
113) бюджет қаражаты есебінен аквашаруашылықты дамыту жай-күйіне бағалау жүргізуді ұйымдастырады;
114) аквашаруашылық саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
115) аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын әзірлейді;
Ескерту. 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі – осы бұйрықтың 5-тармағымен.
116) аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесін жүргізеді;
Ескерту. 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі – осы бұйрықтың 5-тармағымен.
117) аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді;
118) аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізеді;
119) көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарттар талаптарының және аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарының орындалуына мониторинг жүргізеді;
120) аквашаруашылық саласында инвестициялық салымдар болған кезде шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын әзірлейді;
121) аквашаруашылық өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамыту жүзеге асырылады;
122) аквашаруашылық саласында техника мен технологиялық жабдық сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын әзірлейді;
123) көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау қағидаларын әзірлейді;
124) аквашаруашылық саласында балық өсіру-биологиялық негiздемені әзірлеу қағидаларын әзірлейді;
125) көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру шарттарының үлгілік нысанын әзірлейді;
126) жобаны іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру шарттарының үлгілік нысанын әзірлейді;
127) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары учаскелерінің тізімін қалыптастырады;
128) аквашаруашылық субъектілерін Дамыту жоспарының үлгілік нысанын әзірлейді;
129) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру қағидаларын әзірлейді;
130) балық шаруашылығын жүргізу үшін конкурсқа шығарылатын резервтік балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізімін қалыптастырады;
131) аквашаруашылық саласына су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын әзірлейді;
132) көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнің тiзбесiн әзірлейді;
133) балықтар мен басқа да су жануарларының жаппай қырылу қаупін болғызбау, сондай-ақ қырылып қалу салдарын жою үшін көмек көрсету қағидаларын әзірлейді;
134) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша аквашаруашылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды әзірлейді;
135) балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
136) балық ресурстары мен басқа да су жануарларының биоәртүрлілігі шығынының орнын толтыруды орындау қағидаларын әзірлейді;
137) балықтар мен басқа да су жануарларының тіршілік ету өнімдерін алу мақсатында оларды пайдалану қағидаларын әзірлейді;
138) сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерге балықтар мен басқа да су жануарларының қырылу жағдайларын тергеп-тексеру қағидаларын әзірлейді;
139) балық шаруашылығының жай-күйі туралы ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды және жинақтауды, болжамдық және талдамалық материалдарды дайындауды жүзеге асырады;
140) балық шаруашылығы саласында халықаралық ұйымдармен және шетелдік мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады;
141) балық шаруашылығы саласында цифрлық технологияларды, ақпараттық жүйелер мен дерекқорын енгізу және дамыту жұмыстарын ұйымдастырады;
142) балық шаруашылығы саласында субсидиялау тиімділігіне мониторинг жүргізеді;
143) жалпы сипаттағы трансферттер көлемін қалыптастыру және орындау жөніндегі жұмысты жүргізеді;
144) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес "Петропавл балық питомнигі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының, "Қамыстыбас балық питомнигі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының, "Атырау бекіре балық өсіру зауыты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының және "Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыстарын үйлестіреді және даму жоспарларының орындалуы бойынша мониторинг жүргізеді;
145) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша еңбек жөніндегі үлгілік нормалар мен нормативтер әзірлейді;
146) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындау, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау бойынша ұсыныстар енгізеді;
147) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді;
148) тиісті саладағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
149) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық заңды тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;
150) республикалық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
151) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;
152) жарғылық капиталға қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтары өзіне берілген жағдайларда, мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің байқау кеңесінің құрамына өз өкілін тағайындайды, ал мемлекет қатысатын өзге де жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының бекітуіне байқау кеңестеріне кандидатура ұсынады;
153) мәліметтерді, оның ішінде өзінің басқаруындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың және оларға қатысты мемлекеттің қатысушы ретінде басқаруға қатысу құқығын өзі жүзеге асыратын мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атаулы тізбесін, бұл мәліметтерді мемлекеттік мүліктің тізілімінде көрсету үшін дайындайды;
154) республикалық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және сататын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілейді;
155) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның өкілін мемлекет қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесінің құрамына енгізу үшін қажетті шараларды қамтамасыз етеді немесе қабылдайды;
156) Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитеті басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
16. Комитетке басшылық етуді Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты басшы жүзеге асырады.
17. Комитет басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Комитет басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Комитет төрағасының өкілеттіктері:
1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) басшылығына Комитеттің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді;
3) Министрліктің аппарат басшысына Комитет төрағасының орынбасарларын лауазымға тағайындау туралы ұсынымдар енгізеді;
4) Комитет төрағасының орынбасарларынан басқа, Комитет жұмыскерлерін, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
5) Комитеттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
6) өз орынбасарларының, Комитет жұмыскерлерінің, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларының, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларының лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды және бекітеді;
7) өз құзыреті шегінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауаптылықта болады;
8) Комитет төрағасының орынбасарларынан басқа, Комитет жұмыскерлерін, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
9) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет жұмыскерлерін, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары мен олардың орынбасарларын іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемақы мен сыйлықақы төлеу мәселелерін шешеді;
10) Комитеттің аумақтық бөлімшесінің басшысы болмаған уақытта оның міндеттерін уақытша орындауды Комитеттің аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасарына немесе басқа жұмыскеріне жүктейді;
11) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрылымын бекітеді және штаттық кестесін келіседі;
12) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен штат санын бекітеді;
13) реттелетін салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
14) аумақтық бөлімшелердің Комитетпен өзара іс-қимыл жасау құзыреті мен тәртібін айқындайды;
15) аумақтық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдар актілерінің толық немесе бір бөлігінің қолданысын жояды немесе тоқтата тұрады;
16) мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда сенімхатсыз Комитет атынан өкілдік етеді;
17) нысаналы бюджет қаражаты есебінен қаржыланадырылатын объектілерді салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелерді немесе жобалау-сметалық құжаттамаларды заңнамада белгіленген тәртіппен бекітеді;
18) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
20. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
21. Комитеттің атынан мемлекеттік органдарға, Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне, ведомстволық бағынысты ұйымдарына, мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығы Комитетке берілген ұйымға, Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне, жеке және заңды тұлғаларға жіберілетін Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарға Комитет басшысы және өз құзыреттілігі шегінде оның орынбасарлары, ал олар болмаған жағдайда, оларды алмастыратын адам қол қояды.
4-тарау. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің мүлкі
22. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитет өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетін қайта ұйымдастыру және тарату
25. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер - аумақтық бөлімшелердің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
4. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
5. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
6. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
7. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
8. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Шу-Талас облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
9. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің "Каспий итбалығы" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы ведомстволық бағынысты ұйымдарының тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің "Қамыстыбас балық питомнигі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің "Петропавл балық питомнигі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің "Атырау бекіре балық өсіру зауыты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетіне мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығы берілген ұйымдардың тізбесі
1. "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
