ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 20.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-6) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 20 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы | Б. Нарымбетов |
| Шымкент қаласы мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 30/273-VIII шешіміне қосымша |
Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелері
Тарих және мәдениет ескерткіштерінің түрлері | Жалдау ақысының мөлшерлемелері 1 шаршы метрге айлық есептік көрсеткіштерінде (ай сайын) |
Қала құрылысы және сәулет ескерткіштері | 1,0 |
Археология ескерткіштері, ансамбльдер мен кешендер, киелі объектілер | 0,8 |
Монументтік өнер құрылыстары | 1,0 |
Ескерту: Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемелері жалдау ақысының мөлшерлемелерін жалдауға алынатын алаңның шаршы метрдегі көлеміне көбейту жолымен шығарылады.
