Шымкент қаласында 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 3 қарашадағы № 5972 қаулысы

      Қазақстан Республкасының Әлеуметтік кодексінің 142-бабына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шымкент қаласында 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков

  Қосымша
Шымкент қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "___" __________ № ___
қаулысына

Шымкент қаласында 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер

Атауы

Қызмет алушыға көрсетілетін 1 қызметтің ай сайынғы тарифі (теңге)

Мемлекеттік секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетушілерге арналған тарифтер

1

Психоневрологиялық ауытқулары бар үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

451 376,6 ₸

2

Психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарды стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

327 024,2 ₸

3

Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды және егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарды стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

339 217,8 ₸

4

Психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

292 609 ₸

5

Тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

408 572 ₸

6

Психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

334 203 ₸

7

Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

266 010 ₸

8

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына және адам саудасының құрбандарына уақытша болу орындарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

140 847,4 ₸

9

Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға уақытша болу орындарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

164 601,7 ₸

10

Үйде қызметтер көрсету жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

42 241 ₸

Мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетушілерге арналған тарифтер

1

Психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

341 805 ₸

2

Тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

432 164 ₸

3

Үйде қызметтер көрсету жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

82 282 ₸


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады