"Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 1509 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 8 шілдедегі № 3720 қаулысы

      Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 1509 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жаңа редакцияда бекітілсін:

      1) 19-тармақтың 12) тармақшасының жетінші абзацы алып тасталсын;

      2) 25-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының "№ 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және қандастарды бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;";

      13) тармақша алып тасталсын;

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;";

      мынадай мазмұндағы 18) және 19) тармақшалармен толықтырылсын:

      "18) Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының "Балауса" № 11 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      19) Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының "№ 12 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.".

      2. "Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастыруды;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады