Көрсетілетін қызметті алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, балаларға арналған қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты (шығармашылық және спорттық тапсырыстар, қосымша білім беруге білім беру тапсырысы) орналастыру жөніндегі пилоттық жобаны Шымкент қаласында іске асыру туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 19 маусымдағы № 3448 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 251-НҚ, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 75, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 266/НҚ және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 125 "Көрсетілетін қызметті алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, балаларға арналған қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты (шығармашылық және спорттық тапсырыстар, қосымша білім беруге білім беру тапсырысы) орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы" бірлескен бұйрығының 40-тармағының 1), 2), 3), 4) және 10) тармақшаларына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шымкент қаласында бірыңғай мемлекеттік тапсырыстың (бұдан әрі – БМТ) бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі болып "Шымкент қаласының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі белгіленсін.

      2. Нысаналы ваучерге көзделген бюджет қаражатының көлемін қоспағанда, балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы, мемлекеттік шығармашылық тапсырыс және мемлекеттік спорт тапсырысы БМТ-ге біріктірілсін.

      3. Көрсетілетін қызметтерді жеткізушілердің тізбесі және ваучер ұстаушылардың тізімі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қалыптастырылсын.

      4. Пилоттық жобаны іске асыру үшін БМТ көлемі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      5. БМТ аясында базалық норматив пен түзету коэффициенттері осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      6. Сабақтардың (үйірмелердің/секциялардың) белгілі бір түрлері бойынша жабдықтау (жабдық/үй-жай) жөніндегі критерийлері осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      7. Белгілі бір сабақ (үйірмелер/секциялар) түрлері осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      8. "Шымкент қаласының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      9. Осы қаулының орындалуы "Шымкент қаласының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

      10. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      11. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков

  1-қосымша. Қызмет
көрсетушілердің тізбесі және
ваучер
ұстаушылардың тізімі

Ұйым (жеткізуші) түрінің жіктеуіші

(1)

(2)

1.

1. Спорт ұйымдары

2.

Спорттық демалыс саласындағы кәсіпкер

3.

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі

4.

Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі

5.

Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебі

6.

Олимпиадалық резервті дайындау орталығы

7.

Олимпиадалық дайындық орталығы

8.

Жоғары спорттық шеберлік мектебі

9.

Балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубы

10.

Спорт клубы

11.

Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт клубы

12.

Кәсіби спорт клубы

13.

Спорттық дайындық орталығы

14.

МШ адамдарға арналған спорттық даярлау орталығы

15.

Фитнес-орталық

16.

2. Қосымша білім беру ұйымдары

17.

Білім беру және танымдық демалыс саласындағы кәсіпкер

18.

Мектепке дейінгі дамыту кешені

19.

Оқушылар сарайы

20.

Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы

21.

Жас натуралистер станциясы

22.

Экологиялық орталық

23.

Биологиялық орталық

24.

Жас техниктер станциясы

25.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған техникалық шығармашылық мектебі

26.

Жас туристер станциясы

27.

Балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығы

28.

Балалар аула клубы

29.

Өнер мектебі

30.

Музыка мектебі

31.

Өнер мектебі

32.

Көркемдік-эстетикалық бағыттағы мектеп

33.

Балалардың қызмет бағыттары мен мүдделері жөніндегі ұйымдар

34.

3. Мәдениет ұйымдары

35.

Мәдени және шығармашылық демалыс саласындағы кәсіпкер

36.

Мәдени-демалыс ұйымы (мәдениет сарайы, клуб)

37.

Кітапхана

38.

Мұражай

39.

Театр

40.

Концерттік ұйым

41.

Цирк

42.

Зоологиялық саябақ

 
  2-қосымша. Пилоттық жобаны
іске асыру
үшін арналған БМТ көлемі

Бюджет

Мүмкіндігі шектеулі балалар
(арнайы топтар)

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар
(интеграцияланған топтар)

Жалпы негіздегі балалар
(жалпы дамыту топтары)

(1)

(2)

(3)

(4)

(6)

1

Орындар саны

60*

155*

44 594

2

Қаржыландыру нормативі

30 000 теңге

22 500 теңге

15 000 теңге

3

БМТ көлемі, шілде

1 800 000 теңге

3 487 500 теңге

667 860 000 теңге

4

БМТ көлемі, тамыз

1 800 000 теңге

3 487 500 теңге

667 860 000 теңге

5

БМТ көлемі, қыркүйек

1 800 000 теңге

3 487 500 теңге

667 860 000 теңге

6

БМТ көлемі, қазан

1 800 000 теңге

3 487 500 теңге

667 860 000 теңге

7

БМТ көлемі, қараша

1 800 000 теңге

3 487 500 теңге

667 860 000 теңге

8

БМТ көлемі, желтоқсан

1 800 000 теңге

3 487 500 теңге

667 860 000 теңге

9

Барлығы, 2025 жылға БМТ көлемі

10 800 000 теңге

20 925 000 теңге

4 007 160 000 теңге

      Барлығы, орындар: 44 809

      Барлығы, теңге: 4 038 885 000

      * бөлінген жиынтық бюджет шеңберінде ваучерлер шектеусіз (бюджет таусылғанға дейін) берілетін болады

  3-қосымша. 5. БМТ аясында
базалық норматив пен
түзету коэффициенттерінің
мөлшері

      Базалық норматив: 15 000 теңге

Түзету коэффициенттері

Санат нөмірі

Санат сипаттамасы

Түзету коэффициенті

ЕГЗ сомасы, теңге = базалық норматив * түзету коэффициенті

(1)

(2)

(3)

(5)

1

Мүмкіндігі шектеулі балалар

2

30 000 теңге

2

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар

1,5

22 500 теңге

 
  4-қосымша. Сабақтардың
(үйірмелердің/секциялардың)
белгілі бір түрлері бойынша
жабдықтау (жабдық/үй-жай)
жөніндегі критерийлері

Сабақ түрі (үйірмелер / секциялар)

Жабдықтау бойынша критерийлер (құрал-жабдықтар/орынжайлар)

1

Барлық үйірмелер мен секциялардың түрлері

Орынжай:
1) бейнебақылау: қолданыстағы бейнебақылау жүйесі, жалпы пайдалану орындарында (душ, киім ауыстыратын бөлмелер мен дәретханалардан басқа), кіретін/шығатын орындарда, бейне мұрағатты сақтау уақыты кемінде күнтізбелік 30 күн болатын
2) сабаққа қатысуды аппараттық бақылау: QR генерациялау терминалдары немесе баланың/заңды өкілдің биометриясын тану терминалдары (сабаққа қатысуды аппараттық бақылауды енгізу туралы сабаққа қатысу табельдерін бақылау әкімшісінің бұйрығы болған жағдайда)
3) орынжай түрі: жабық, жылытылатын, желдетілетін
4) өрт қауіпсіздігі: ескерту жүйесі, эвакуациялау жоспары, өрт сөндіргіштер, дабыл беру, өрт кезінде белгілері бар шығу жолдары
5) қол жетімді орта: пандустар, қажет болған жағдайда көтергіштер (мүмкіндігі шектеулі балалармен сабақ өткізу үшін)
6) санитариялық шарттар: СанЕжН (санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға) сәйкестігі; күнделікті тазалау, желдету, кварцтау (кесте бойынша); дезинфекциялау және жинау журналдарының болуы; ауызсу режимін қамтамасыз ету (салқындатқыш, су багы); медициналық қобдиша, алғашқы көмек посты
7) дәретханалар: ұлдар мен қыздарға арналған, қағазбен және санитайзерлермен қамтамасыз етілген
8) сабақ кестесі (сабақтар, мұғалімдер)

2

Спорт секциялары

Орынжай:
1) төбенің биіктігі: доппен және воланмен өтетін сабақтар үшін кемінде 9 метр, өзге де сабақтар түрлері үшін кемінде 3 метр
2) орынжайдың ауданы: 100 шаршы метрден бастап
Шахмат, дойбы, АҚ және киберспорттан басқа сабақтар өткізу үшін:
2) киім ауыстыратын бөлмелер: ұлдар мен қыздарға бөлек
3) душ бөлмелері: ұлдар мен қыздарға арналған бөлек, сырғанауға қарсы еден жабыны, ыстық және суық су, перделер немесе қалқалар, әр 5 адамға кемінде 2 душ
4) шкафтар: осы құжатта белгіленген, топтағы ең көп адамнан кем емес, нөмірлері бар, киімді сақтауға арналған
Әр түрлі спорт түрлеріне арналған жалпы құрал-жабдық:
Спорттық құрал-жабдық (спорт түрлері бойынша):
• Жекпе-жек : татами, кимоно, белбеулер, күрес аяқ киімі, дулығалар, күрес кілемдері.
• Жүзу: жолдар, қалтқыбелгілер, бастапқы тұғырлар, көзілдіріктер, тақталар, спаскруг, бейімделгіш жүзуге арналған құрал-жабдық (жилеттер, таспалар).
• Шашка/шахмат: тақталар, пішіндер, таймерлер, тактильді тақталар және сөйлейтін сағаттар.
• Футбол, футзал, шағын футбол, волейбол, баскетбол (инклюзия): доптар, қақпалар, тіректер, бейімделген доптар.
• ЖДШД: секірмежіп, доп, гантель, кілемшелер, эспандерлер, швед қабырғасы, гимнастикалық орындықтар, төсеніштер.
Қосымша және көмекші құрал-жабдық:
•Дәріқобдища
• Дыбыс / жарық жүйесі,
• Тренажерлер (спорт түрлері бойынша),
• Индикаторлар, таймерлер,
• Жаттығу снарядтары (доптар, сөмкелер, манекендер және т. б.),
• Шаруашылық құрал-жабдығы: сүрткіштер, шелектер, жинау құрал-жабдығына арналған шкаф

3

Волейбол классикалық
Волейбол [МШ: есту қабілеті нашар]
Отырып ойнайтын волейбол [МШ: ТҚА бойынша]
Тұрып ойнайтын волейбол [МШ: ТҚА бойынша]
Бейімделген волейбол [инклюзия]

Орынжай:
1) Жабық спорт залы немесе жабық алаң: өлшемдері 18×9 м( стандартты волейбол алаңының өлшемі); төбелердің биіктігі - кемінде 7 м; еден (резеңке, паркет немесе ПВХ жабыны)
2) Спорттық белгілеулердің болуы: волейбол алаңын нақты белгілеу; отырып ойнайтын волейболға уақытша белгілеуді орнату мүмкіндігі
3) Жарықтандыру: жасанды жарықтандыру кемінде 300 лк
4) Желдету және микроклимат: желдету жүйесінің немесе терезенің болуы; температура режимі: 18-20 °C
5) Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қауіпсіз қол жетімділік және жағдайлар: пандустар, кең есіктер, лифтілер (егер ғимаратта бірнеше қабат болса); ХАҚТ (халықтың аз қозғалатын топтары) арналған санитарлық бөлмелердің болуы
Құрал-жабдық:
1) Волейбол доптары: стандарттық, жаттығу және жарыстық мендоптар (салмағы 260-280 г); жеңіл доптар - кіші жастағы және бейімделу топтары үшін; саны: 2 қатысушыға кемінде 1 доп
2) Волейбол торы: биіктігі реттелетін (стандартты / балалар / отырып ойнайтвын волейбол); берік тіректер
3) Төрешілер мұнарасы: қорғаныш жақтары және сырғанамайтын беті бар; тасымалданатын немесе стационарлық
4) Жаттығуға арналған қосымша құрал-жабдықтар: секірмежіп, фишкалар, конустар - бой қыздыру және дамыту жаттығуларына арналған; тіреулер, жұмсақ модульдер мен үлкен диаметрлі доптар - бастапқы оқыту және ДМШ балалармен жұмыс істеу үшін; гимнастикалық төсеніштер - құлау кезіндегі және отырып жасайтын жаттығулары кезіндегі қауіпсіздік үшін
5) Отырып ойнайтын волейболға және бейімделген волейболға арналған жарақтар: сырғанамайтын жабыны бар кілемшелер немесе төсеніштер; ~1 м биіктіктегі тор мен қысқартылған тіректер; қажет болған жағдайда жастықтар, арқаға қоятын тіректер
6) Инклюзивті сабақтарға арналған құрал-жабдық: ортопедиялық креслоларды, орындықтарды пайдалану кезінде көмек; жеке бейімделгіш құрылғылар (көрсетімдер бойынша)
7) Дыбыстық және ақпараттық жабдықтар: дауыс зорайтқыш, музыкалық сүйемелдеу (есту қабілеті нашар адамдарға арналған діріл немесе жарық сигналдарын қоса); табло / таймер.
8) Медициналық қамтамасыз ету: алғашқы медициналық көмек дәріқобдишасы (жараларды тазартуға арналған құралдар, таңғыштар, суық пакеттер және т. б.); оқиғаларды тіркеу журналы

4

Жеңіл атлетика
Жеңіл атлетика [МШ: көру қабілеті нашар]
Жеңіл атлетика [МШ: есту қабілеті нашар]
Жеңіл атлетика [МШ: ТҚА бойынша]

Орынжай:
1) Жеңіл атлетика манежі
2) Жүгіру жолдары бар стадион
3) Секіру және лақтыру секторлары
Көру бойынша МШ үшін:
4) Тактильді белгісі бар манеж/стадион
5) Спортшылардың бағдарлауы үшін қауіпсіз аймақ
ТҚА бойынша МШ үшін:
6) Қол жетімді жеңіл атлетика манежі немесе стадион (пандустар, кең өту жолдары)
7) Бейімделген жабдықтары бар жаттығу залы
Құрал-жабдық:
1. Бастапқы тіректер
2. Белгілеулер бар жүгіру жолдары
3. Кедергілер
4. Лақтыру снарядтары (ядро, диск, найза, балға)
5. Секіру шұңқырлары мен планкалары
6. Хронометрлер, секундомерлер
7. Қатысушыларға арналған нөмірлер
Көру бойынша МШ үшін:
8) Бағыттаушы құралдар (тактильдік жолдар, арқаншалар)
9) Көзді байлайтын таңғыштар (B1 санатындағы жарыстарға)
10) Дыбыстық сигналдар / маяктар
11) Дауыстық хабарламасы бар секундомерлер
Есту бойынша МШ үшін:
12) Жарық сигналдық құрылғылары (старттық тапаншаның орнына)
13) Төрешілерге арналған ым тіліндегі көрсеткіштер
14) Старт қалыптары
15) Жүгіру, секіру және лақтыру снарядтары (классикалық жеңіл атлетикаға сәйкес)
ТҚА бойынша МШ үшін:
16) Жүгіру арбалары (racing wheelchair)
17) Протездер (ампутациясы бар спортшылардың қатысуымен)
18) Лақтыру тіректері (бекітілген)
19) Бейімделген снарядтар (жеңіл, ұстағыштармен)
20) Арнайы старттар мен таяныштар

5

Теннис
Теннис [МШ: есту қабілеті нашар]
Бейімделген теннис [инклюзия]

Орынжай:
1) Ашық теннис корты:
Жабын: хард, топырақ немесе шөп.
Корт өлшемдері: 23,77 м × 10,97 м (қос ойын), 23,77 м × 8,23 м (жеке ойын).
Қауіпсіздік аймақтары бар жалпы ауданы: 36 м × 18 м.
Суды бұру (дренаж), жарықтандыру (кешкі ойын кезінде) жүйелерін орнату қажет.
2) Жабық теннис корты:
Төбесі - кемінде 9 м, жақсырақ 10-12 м.
Жарықтандыру - кем дегенде 750 люкс, біркелкі, көлеңкесіз.
Амортизациясы бар спорттық жабын (линолеум, резеңке, синтетика).
Дыбыс оқшаулауының болғаны жөн.
3) Әмбебап спортзал: дайындық кезеңінде қолданылады, мобильді тор, белгілеу орнатылады.
Есту бойынша МШ үшін:
4) Контрасты белгілеу
Құрал-жабдықтар:
1) Теннис ракеткалары: өлшемдері: 21-27 дюйм (жасына және дайындық деңгейіне байланысты). Салмағы: 200 г-нан (балалар үшін) 300-340 г-ға дейін (ересектер үшін). Материал: графит, алюминий, композиттер.
2) Доптар: стандартты (сары). Үйретуге (балалар): қызыл (көбік), қызғылт сары, жасыл.
3) Тор және тіректер: ортасындағы биіктігі — 91,4 см.портативті немесе стационарлық құрылымдар.
4) қосымша: Доптарға арналған себеттер мен арбалар. Ұпай есептегіштері. Төрешілер мұнарасы. Орындықтар, суға арналған ұстағыштар және сүлгілер. Кедергілер (бөлу қалқалары). Тренажерлер: нысаналар, қайтарылатын торлар, беру зеңбіректері.
Есту бойынша МШ үшін:
5) Жарық құрылғылары: ұтыс ойынының басталуы -жарық сигналы.
6) Ым-ишара карточкалары, жалаушалар
7) Ірі қаріппен жазылатын электрондық табло — шот үшін

6

Үстел теннисі
Үстел теннисі [МШ:есту қабілеті нашар]
Үстел теннисі [МШ: ТҚА бойынша]

Орынжай:
● Бөлменің өлшемі теннис үстелінің 1 жиынтығына кемінде 6×4 метр (ыңғайлы жаттығулар мен жарыстар үшін 9×5 м ұсынылады).
● Төбенің биіктігі — ракетканың еркін қозғалысы үшін кемінде 3 м.
● Тегіс, сырғанамайтын еден (спорттық линолеум, паркет, ағаш еден немесе резеңке жабын).
● Жарқылсыз және көлеңкесіз жақсы табиғи және жасанды жарықтандыру.
● Спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең аз бөгде заттар.
● Еркін қозғалуға және ойын қимылдарын орындауға арналған кеңістік.
● Шудың болмауы, ыңғайлы акустикалық орта құру (есту қабілеті нашар спортшылар үшін маңызды).
● ТҚА шектеулері бар адамдар үшін-қолжетімді орта, кедергілердің болмауы, еркін өту, көмекші құралдарды орнату мүмкіндігі
Құрал-жабдық:
● Үстел теннисінің үстелі:
o Өлшемі стандартты: ұзындығы 2,74 м, ені 1,525 м, биіктігі 76 см.
o Сенімді, орнықты дизайн.
o Биіктігі реттелетін тор (15,25 см).
o Үстелдің түсі - беті күңгірт қою жасыл немесе көк.
● Ракеткалар (таяқшалар):
o Жеңіл, ыңғайлы, қаттылығы мен жабыны әртүрлі.
o Бейімделетін теннис үшін - ыңғайлы тұтқасы бар жеңіл опциялар.
● Доптар:
o Диаметрі 40 мм, салмағы 2,7 г.
o Түсі ақ немесе қызғылт сары, беті күңгірт.
o Жаттығулар мен жарыстарға арналған-стандартталған, зақымға төзімді.
● Қосымша жабдық:
o Нәтижені көрсетуге арналған есептегіштер мен таблолар.
o Үстелге арналған торлар мен бекітпелер.
o Ракеткаларға арналған арнайы ұстағыштар мен тіректер.
o Есту бойынша МШ үшін - көрнекі сигналдар және жарықтандырылған табло.
o ТҚАбойынша МШ үшін - ракетканы бекітуге арналған құрылғылар (қажет болса), сондай-ақ ыңғайлы креслолар немесе таяныш.

7

Көркем гимнастика

Орынжай:
• Залдың өлшемі: корт 13×13 м (көрсетілімдерге арналған), жалпы зал мин. 20×20 м, төбенің биіктігі 8-12 М.
• Жабын: гимнастикалық кілем (13×13 м, қалыңдығы 4-5 см, амортизациялағыш), айналасында — қауіпсіздік төсеніштері.
Құрал-жабдық:
• Шеңбер
• Доп
• Ұршықтар
• Таспа
• Секірмежіп

8

Футбол
Футбол [МШ:есту қабілеті нашар]
Футбол 7х7 [МШ: ТҚА бойынша]
Футбол бейімделген [инклюзия]

Орынжай:
• Ауданы:
• 40x20 м (футбол).
• кемінде 30x20 м (адаптивті, инклюзия).
• 30x50 м (ТҚА бойынша МШ 7х7).
• 40x20 м (есту бойынша МШ).
• Еден:
* Жасанды көгал (түгі 20-60 мм ), тегіс, қауіпсіз.
* Балама: табиғи көгал, резеңке немесе паркет (зал үшін).
* Желдету:
* жабық манеж
• Қақпа:
* кемінде 3x2 м (инклюзия).
• 5x2 м (ТҚА бойынша МШ 7х7 ОВ).
* кемінде 3x2 м (футбол, есту бойынша МШ).
* Торы бар.
• Қосымша:
* Алаңды белгілеу.
* Пандустар, кең кіреберістер (ТҚА бойынша МШ, инклюзия).
* Жұмсақ жақтаулар(балалар).
* Көрнекі/дыбыстық сигналдарға арналған аймақ (есту бойынша МШ, инклюзия).
Құрал-жабдық:
• Доп:
• Өлшемі 3 немесе 4 (балалар, инклюзия), жеңіл, жұмсақ.
* Өлшемі 5 (стандарт, есту бойынша МШ, 7х7 ТҚА бойынша МШ), жарқын, жеңіл немесе қоңыраулармен (инклюзия).
* Таяныш:
* Балдақтар, ортездер, бекіткіштер, мүгедектер арбалары (ТҚА бойынша МШ, инклюзия).
* Сигналдық:
* Жалаушалар, жарық индикаторлар, нұсқаулық тақтасы (есту бойынша МШ).
* Доптағы қоңыраулар (инклюзия, нашар көретіндер үшін).
* Жаттығулық:
* Конустар, чиптер, шеңберлер, үйлестіру баспалдақтары, жеңіл / жұмсақ кедергілер.

9

Футзал (шағын футбол)
Футзал (шағын футбол) [МШ: есту қабілеті нашар]

Орынжай:
• Ауданы:
• кемінде 25x16 М.
* Еден: тегіс, тайғақ емес: паркет, резеңке.
* Желдету: жабық зал, терезелер
• Қақпа: 3x2 м, тормен.
• Қосымша: футзалға арналған белгілеу, жақтаулар, визуалды сигналдарға арналған аймақ (есту бойынша МШ)
Құрал-жабдық:
• Доп: Өлшемі 4, төмен серпіліс, былғары немесе синтетикалық, ашық түс (есту).
* Сигналдық: жалаушалар, жарық индикаторлар, нұсқаулық тақтасы (есту бойынша МШ).
* Жаттығулық: Конустар, фишкалар, үйлестіру баспалдақтары, кедергілер.

10

Баскетбол
Баскетбол [МШ: есту қабілеті нашар]
Баскетбол бейімделген[инклюзия]

Орынжай:
• Ауданы:
• 28x15 м
• кемінде 22x12 м (жаттығулар, инклюзия, есту бойынша МШ).
* Еден: Паркет, спорттық линолеум немесе резеңке, тайғақ емес, амортизациялағыш.
* Желдету: Жабық зал, терезелер
* Сақина: биіктігі 3.05 м, диаметрі 45 см, тормен..
• Қосымша:
* Баскетболға арналған белгілеу.
* Пандустар, кең кіреберістер (инклюзия).
* Көрнекі сигналдарға арналған аймақ (есту бойынша МШ, инклюзия).
Құрал-жабдық:
• Доп:
* Өлшемі 7, өлшемі 6, ашық түсті (есту бойынша МШ, инклюзия)
* Сигналдық:
* Жалаушалар, жарық индикаторлар, нұсқаулық тақтасы (есту бойынша МШ, инклюзия).
* Жаттығулық:
* Конустар, фишкалар, кедергілер, шеңберлер.

11

Дзюдо
Дзюдо [МШ: көру қабілеті нашар]
Дзюдо [МШ: есту қабілеті нашар]

Орынжай:
• Ауданы: кемінде 100-150 м2.
* Еден: Татами (жұмсақ төсеніштер), қалыңдығы 4-5 см, тайғақ емес, амортизациялағыш.
* Желдету: Жабық зал, терезелер немесе
кондиционер, 18-22°C..
• Жарықтандыру:
* Жарқын, 500-800 люкс, біркелкі(дзюдо, есту бойынша МШ).
* Жұмсақ, жарқылсыз, бағдарлау үшін (көру бойынша МШ) .
• Қосымша:
* Пандустар, кең кіреберістер(көру бойынша МШ).
* Тактильді немесе көрнекі сигналдарға арналған аймақ (көру бойынша МШ, есту бойынша МШ).
Құрал-жабдық:
• Есту бойынша МШ үшін:
• Сигналдық: жалаушалар, жарық индикаторлар, нұсқаулық тақтасы.
* Көру бойынша МШ үшін:
• Тактильді маркерлер: бағдарлау үшін татамидегі текстуралы таспалар.
* Қоңыраулы доп: бой қыздыру кезінде дыбыстық бағдар үшін.
* Серіктес немесе гид: ілесіп жүру және түсіндіру үшін.
* Жаттығулық:
* Лақтыру жаттығуларына арналған манекендер (барлығы үшін).
* Конустар, фишкалар, жұмсақ кедергілер (үйлестіру үшін).

12

Каратэ (WKF)
Каратэ (WKF) [МШ: есту қабілеті нашар]
Каратэ (WKF) бейімделген[инклюзия]

Орынжай:
* Ауданы: кемінде 100-150 м2.
* Еден жабыны: Амортизация және жарақаттанудың алдын алу үшін татами (дәстүрлі төсеніштер) немесе қалыңдығы 2-4 см спорттық төсеніштер.
* Желдету: Қарқынды жаттығулар кезінде жайлылық үшін жақсы желдету және кондиционерлеу жүйесі.
• Жарықтандыру: бағдарсыздықты болдырмау үшін жарқын, біркелкі, жарқылсыз.
* Айналар: Техника мен позаларда өзін-өзі басқаруға арналған қабырға айналары.
* Қол жетімділік: Бейімделген каратэ үшін - пандустар, кең есіктер, қозғалуы шектеулі адамдар үшін кедергілердің болмауы.
Құрал-жабдық:
• Макивара: Соққы күші мен соққы дәлдігін жаттықтыруға арналған соққы тақтасы немесе жастық.
* Бокс сөмкелері: Қолмен және аяқпен жасалған соққыларды жаттықтыруға арналған.
* Табандар мен қалқандар: Жұппен жұмыс істеу, жылдамдық пен реакцияны жаттықтыру үшін.
• Қосымша:
* Адаптивті жаттығулар мен күшті дамытуға арналған серпімді жолақтар немесе салмақ.
• Инклюзия үшін: бағдарлау үшін жұмсақ жастықтар, тірек құралдары, көрнекі маркерлер (жарқын таспалар, едендегі белгілер).

13

Таеквондо (WTF)
Таеквондо (WTF) [МШ:есту қабілеті нашар]
Таеквондо бейімделген [инклюзия]

Орынжай:
• Ауданы: кемінде 100-150 м2.
* Жабын: Татами немесе спорттық төсеніштер, амортизация үшін қалыңдығы 2,5-4 см.
* Желдету: Қарқынды жаттығулар үшін жақсы ауа айналымы.
* Жарықтандыру: жарқын, біркелкі, жарқылсыз.
* Айналар: Техниканы өзін-өзі бақылау үшін.
• Қол жетімділік: пандустар, инклюзивті топтарға арналған кең есіктер.
Құрал-жабдық:
• Табандар: Аяқпен жасалған соққыларды жаттықтыру үшін.
* Бокс сөмкелері: Күш пен дәлдік үшін.
* Макивара: Соққы жастықтары.
* Инклюзия үшін: тіректер, жұмсақ жастықтар, көрнекі маркерлер (таспалар, едендегі белгілер).

14

Бокс

Орынжай:
Ауданы: кемінде 100-150 м2.
* Жабыны: Спорттық төсеніштер, амортизациялағыш жабыны бар ринг, қалыңдығы 2-4 см.
* Желдету: Қарқынды жүктемелер кезінде жайлылық үшін күшті.
* Жарықтандыру: Жарқын, біркелкі, жарқылсыз.
• Айналар: Техниканы қолдануға арналған қабырғаларда.
* Қауіпсіздік: қабырғалар бойымен 1-2 м бос кеңістік, өткір бұрыштардың болмауы.
* Ринг: Спаррингке арналған стандартты бокс рингі (арқан ішінде 5 м x 5 м немесе 6 м x 6 м).
Құрал-жабдық:
• Бокс сөмкелері: Соққыға арналған ауыр (40-70 кг) 6-8 дана
* Тұлыптар: Жылдамдық пен реакция үшін пневматикалық немесе еден үстілік.
* Табандар: Дәлдік пен комбинацияларды жаттықтыру үшін.
* Секірмежіптер: бой қыздыру және төзімділік үшін.
• Қосымша: Раундтарға арналған таймерлер (3 минут), гантельдер, салмақтар, "көлеңкемен күреске" арналған айналар.

15

Еркін күрес
Еркін күрес [МШ: есту қабілеті нашар]

Орынжай:
• Ауданы: кемінде 100-150 м2.
* Жабыны: Күрес кілемі (қалыңдығы 4-5 см).
* Желдету: Күшті, қарқынды жүктемелерге арналған.
* Жарықтандыру: Жарқын, біркелкі, жарқылсыз.
* Қауіпсіздік: Өткір бұрыштардың болмауы.
Құрал-жабдық:
• Манекендер: Лақтыру мен техниканы жаттықтыруға арналған күрес қуыршақтары.
* Секірмежіптер: бой қыздыру және төзімділік үшін.
* Гантельдер, штангалар: Күш жаттығуларына арналған.
* Есту бойынша МШ үшін: Көрнекі маркерлер (жарқын сызықтар, кілемдегі таспалар), сигнал жалаушалары немесе бастау/тоқтатуға арналған жарық индикаторлар

16

Грек-рим күресі
Грек-рим күресі [МШ: есту қабілеті нашар]

Орынжай:
Ауданы: кемінде 100-150 м2.
* Жабыны: Күрес кілемі (қалыңдығы 4-5 см).
* Желдету: Күшті, қарқынды жаттығуларға арналған.
* Жарықтандыру: Жарқын, біркелкі, жарқылсыз.
* Қауіпсіздік: Өткір бұрыштардың болмауы.
• Қосымша: Киім ауыстыратын бөлмелер, душ бөлмелері, демалыс аймағы.
* Құрал-жабдық:
• Киім: Күрес трикосы, күрес аяқ киімі (тобықты қорғайтын жұмсақ аяқ киім).
* Қорғау:
* Тізеқаптар: Партерде жұмыс істегенде қорғау үшін.
• Құлақ қорғағыштары: Құлақ жарақаттарының (гематомалардың) алдын алу үшін .
*Белтартпа: Шапты қорғау үшін.
• Жаттығулық:
* Манекендер: Лақтыру жаттығуларына арналған күрес қуыршақтары.
* Секірмежіптер: бой қыздыру және төзімділікке арналған.
* Гантельдер, штангалар: Күш жаттығуларына арналған.
* Есту бойынша МШ үшін: Көрнекі маркерлер (жарқын сызықтар, кілемдегі таспалар), сигнал жалаушалары немесе бастау/тоқтату жарық индикаторлары.

17

Қазақ күресі

Орынжай:
• Ауданы: 100-150 м² кем емес.
• Жабын: Күрес кілемі (қалыңдығы 4-5 см).
• Желдету: Мықты, қарқынды жаттығуларға арналған.
• Жарықтандыру: Жарқын, біркелкі, шағылысусыз.
• Қауіпсіздік: Өткір бұрышсыз.
Құрал-жабдық:
• Манекен: лақтыру мен техниканы жаттықтыруға арналған күрес қуыршақтары.
• Секiрмежіп: Денені қыздыру және төзімділік үшін.
• Гантельдер, штангалар: Күш жаттығуларына арналған.
• Қосымшалар: Уақытты өлшеуге арналған таймер, кілемдегі маркерлер (мысалы, шеңберді белгілеу үшін жарқын ленталар).

18

Шахмат
Шахмат [МШ: көру қабілеті нашар]
Шахмат [МШ: есту қабілеті нашар]
Шахмат [МШ: ТҚА бойынша]

Орынжай:
• Орынжай ауданы: 1 балаға 1,5 шаршы метрден бастап жұмыс алаңы
• Еден жабыны: Тегіс еден, кілемсіз, мүгедектер арбасына арналған (ТҚА на арналған).
• Жарықтандыру: Жарқын, шағылысусыз, көру қабілеті нашар адамдарға арналған.
• Желдету: Жақсы, жайлылық үшін.
• Айналар: Міндетті емес, бірақ жаттықтырушы бақылау үшін пайдалы.
• Қол жетімділік: Пандустар, ТҚА на арналған кең есіктер.
Құрал-жабдық:
• Тақтасы: 40x40 см, классикалық 8x8 жасушалар.
• Пішіндер: Стандартты, ағаш немесе пластикалық.
• Сағат: Шахматқа арналған, таймермен.
• Зағип МШ үшін:
• Тақта: Тактильді, қара өрістер ақ түстен жоғары, саңылаулары бар.
• Фигуралар: Белгілері бар (қара үшін дөңес, ақ үшін тегіс).
• Сағат: Сөйлейтін Брайль қарпімен.
• Есту қабілеті нашар МШ үшін:
• Көрнекі индикаторлар: жалаушалар, уақытқа арналған жарық сигналдары.
• ТҚА бойынша МШ үшін:
• Тақта: үлкейтілген немесе электрондық.
• Фигуралар: Үлкен, ыңғайлы, немесе сандық.

19

Жүзу
Жүзу [МШ: көру қабілеті нашар]
Жүзу [МШ: есту қабілеті нашар]
Жүзу [МШ: ТҚА бойынша]
Адаптивті жүзу [инклюзия]

Орынжай:
• Өлшемі: 25×8 м-ден (4-5 жолақ).
• Тереңдігі: 1,2-1,8 м жаңадан бастаушылар үшін қауіпсіз.
• Бассейннің айналасындағы жабын: сырғанауға қарсы.
• Судың температурасы: 26-28°C.
• Ауа температурасы: 27-29°C.
• Желдету: Сору-сыртқа шығару желдеткіш жүйесі.
• Жарықтандыру: Жарқын, шағылысусыз — әсіресе нашар көретіндер үшін маңызды.
• Қауіпсіздік:
o Кезекші медицина қызметкері
o Құтқарушы-нұсқаушы.
• Қол жетімділік:
o Пандустар, суға түсуге арналған лифт/Лифт,
o Кең жолдар мен киім ауыстыратын бөлмелер,
o Ұстайтын тұтқалары мен орындықтары бар душ кабиналары.
Құрал-жабдық:
• Жүзуге арналған тақтайшалар, қанатқаптар, белдіктер, белбеулер.
• Арнайы көзілдірік, құлаққаптар.
• Суға арналған костюмдер мен қалпақшалар.
• Жаттықтырушы/көмекшінің судағы көмегі — көрсетілгендей.
• Таймер, табло, ысқырықтар, көрнекі сигналдар.
Көру қабілеті нашар адамдар үшін:
• Жарық және тактильді бағдарлар (мысалы, бау немесе ернеуге жанасу алдындағы жалауша).
• Ілесіп жүретін нұсқаушы.
• Ернеулер мен сатыларды қарама-қарсы белгілеу.
• Тапсырмалар мен бағыттарды дыбыстау.
Есту бойынша МШ үшін:
* Жарық сигналдары (шамдар, жалаушалар).
* Құрлықта және су астында техниканы көрсету.
• Жаттықтырушымен көз түйістіру, қажет болса ымдау тілі.
• Көрнекі таблолар, бейне жаттығуларды қайталау.
ТҚА МШ үшін:
Суға түсетін лифттер, арнайы тұтқалар.
• Жеке белбеулер, қалқымалар, сүйемелдейтін құрылғылар.
• Жеңілдетілген тапсырмалар: тақтамен, арқамен, серіктеспен жүзу.
• Платформада отырып немесе сүйемелдеп сабақ өткізу мүмкіндігі.
Бейімделген жүзу (инклюзия):
• МШ бар және жоқ балалардың бірлескен сабақтары.
• Әрқайсысына жеке көңіл бөлу: техника, жүктеме, қолдау.
• Ойындар, командалық тапсырмалар, эстафета элементтері.
• Толеранттылық пен командалық рухты қалыптастыру.
Тәлімгерлік: күшті жүзушілердің әлсіздерге көмегі.

20

Шығармашылық, оқыту және танымдық үйірмелер

Орынжай:
1) төбенің биіктігі: 2,8 метрден кем емес
2) температура: + 18-ден + 22 ° C дейін, термометрлердің болуы
3) үй-жайдың ауданы: 1 балаға 1,5 шаршы метрден бастап жұмыс алаңының болуы
Құрал-жабдық:
1) Кескіндеме, сурет: мольберт, үстелдер, орындықтар, қылқаламдар, қарындаштар, өшіргіштер, сұйықтықтарға арналған ыдыстар;
2) Графика және иллюстрация: мольберт, үстелдер, орындықтар, қылқаламдар, қарындаштар, өшіргіштер, сия, сұйықтықтарға арналған ыдыстар;
3) Модельдеу: үстелдер, орындықтар, тақталар мен стектер, сұйықтықтарға арналған ыдыстар, алжапқыштар;
4) Мүсін: үстелдер, орындықтар, құмыра дөңгелегі, саз балшық пеші, құмыра құралдары, сұйықтықтарға арналған ыдыстар, алжапқыштар, қылқаламдар, гравюра құралдары;
5) Көркем фотосурет: үстелдер, орындықтар, фотостендтер, компьютерлер, түрлі-түсті принтерлер, фотоаппараттар;
6) Эстрадалық вокал: үстелдер, орындықтар, микрофондары бар дыбыс жабдығы, фортепиано немесе басқа соған байланысты аспап, қабырғалардағы дыбысты жұтатын мата, айналар;
7) вокалдық, хор ансамблі: үстелдер, орындықтар, фортепиано немесе басқа соған байланысты аспап, қабырғалардағы дыбысты жұтатын мата, айналар;
8) халық әндері: орындықтар, үстелдер, музыкалық стендтер, ілеспе аспап (қажет болған жағдайда), қабырғалардағы дыбысты жұтатын мата, айналар;
9) пернетақта аспаптары: үстелдер, орындықтар, фортепиано немесе басқа соған байланысты құрал, қабырғалардағы дыбысты жұтатын мата;
10) ішекті, үрмелі, эстрадалық, соқпалы аспаптар, халық аспаптары, аспаптық ансамбль: үстелдер, орындықтар, музыкалық стендтер, аспаптар, фортепиано немесе басқа соған байланысты аспап, қабырғалардағы дыбысты жұтатын мата;
11) домбыра: үстелдер, орындықтар, тақта немесе маркер тақтасы, музыкалық стендтер, аспап, қабырғадағы дыбыс жұтатын мата, айналар;
12) классикалық балет: айналар, балет станогы, дыбыс аппаратурасы, балет линолеумы немесе паркет, жеке кілемшелер;
13) ұлттық (халық), заманауи (эстрадалық), бал биі, хореографиялық ансамбль: айналар, барр, дыбыс аппаратурасы, паркет немесе линолеум, жеке кілемшелер;
14) бейне түсіру және монтаждау: үстелдер, орындықтар, бағдарламалық қамтамасыз етуі бар компьютерлер, интернет, бейнекамералар;
15) графикалық дизайн: үстелдер, орындықтар, бағдарламалық қамтамасыз ету бар компьютерлер, интернет;
16) актерлік өнер: үстелдер, орындықтар, экран, реквизиттер, костюмдер, айналар;
16) қуыршақ театры: үстелдер, орындықтар, қуыршақтар, экрандар;
17) драмалық: үстелдер, орындықтар, экран, реквизиттер, костюмдер, айналар;
18) кесте тігу: инелер, құрсаулар, қайшылар, тігін машиналары, үстелдер, орындықтар, қарындаштар;
19) ағаш оюы: үстелдер, орындықтар, қашаулар, балғалар, аралар, кескіш аралар, пышақтар, станоктар, шағын бұрғылар (бұрғылау станоктары), ою кескіштер, электрлік аралар, тегістеуіштер, қырғыштар, қондырғыштар, қысқыштар, тіреуіштер, қысқыштар, сызғыш, шаршы, таратқыш, сызғыш, тегістеуіш, тегістеуіш, сызғыш, тегістеуіш, тегістеуіш, пышағы штангенциркуль, ұңғы өлшегіш, беттік өлшегіш, компас, рулетка, қарындаштар, сұйықтықтарға арналған ыдыстар, алжапқыштар;
20) батик (матаға сурет салу): үстелдер, орындықтар, батик бояулары, қылқаламдар, суық және ыстық батикке арналған құралдар, сұйықтықтарға арналған ыдыстар, алжапқыштар;
21) жүн/киіз басу: үстелдер, орындықтар, инелер, төсеніштер, кеудешелер, сүзгі машинасы, жүнтарақ, қайшылар, қарындаштар, сұйықтарға арналған ыдыстар, алжапқыштар;
22) тоқу: үстелдер, орындықтар, сіріңкелер, ілмектер, түйреуіштер, инелер, помпондарды дайындауға арналған құрылғы, маркерлер, қатарларды есептегіштер, бауларды тоқуға арналған құрылғылар, жіптерді бөлгіш, ілмекпен байлауға арналған шығыршықтар, гүлдер дайындауға арналған құрылғы;
23) тоқу, кілем тоқу: тоқу станогы, қайшы, тарақ, жарғыш, пышақ-ілмек, таяқ, үстелдер, орындықтар, инелер, пышақтар, қайшылар, тігін машиналары, үстелдер, орындықтар, қарындаштар;
24) бисермен өру: үстелдер, орындықтар, иіру (спиннер), станок, моншақты ине, тегіс картиналарды тоқуға арналған станок, ілгек, қайшы, дөңгелек тістегіш, жалпақ тістегіш, тістегіш, пинцет, түйреуіш, қылқалам, бисер, моншақтар, әйнек, кримп, қысқыштар, пиндер, құшақтағыштар, жалғағыш сақиналар, коннектор, спейсер тізбегі, карабин, ілмек-құлып, концевик, ұстағыш, әшекейлерге арналған негіздер;
25) зергерлік өнер: үстелдер, орындықтар, қысқыштар, егеулер, шағын бұрғылар (бормашиналар), бұрғылар, фрезалар, жалпақ тістегіштер, дөңгелек тістегіштер, қайшылар, тістегіштер, лупалар, бинокулярлар, микроскоптар, қарындаштар, щеткалар, жылтырату және ажарлау жабдықтары, ажарлау дөңгелектері, щеткалар, компьютер, құралдар металды, сұйықтықтарға арналған сыйымдылықтарды, алжапқыштарды ою және балқыту үшін;
26) макраме: үстелдер, орындықтар, тығындалған тақта немесе планшет, қайшылар, инелер, сантиметр, тарақ, ілмектер, жұмысқа арналған тіреу немесе стенд;
27) жарғақты тігу: үстелдер, орындықтар, инелер, тігін машиналары, қайшылар, сызғыштар, лекалолар, сантиметр, қарындаштар, матаға арналған маркерлер, алжапқыштар;
28) былғарыны өңдеу: үстелдер, орындықтар, кілем-мат, кесуге арналған пышақтар, сызғыш, былғарыға арналған маркер, былғары, қайшы, инелер, балға, стамескалар, сынғыштар, құмдар, сұйықтықтарға арналған ыдыстар, алжапқыштар;
29) қағаз үлгілеу (оригами): үстелдер, орындықтар, қайшылар, пышақтар, тақтайлар, сызғыштар, қылқаламдар, қарындаштар;
30) киімдерді үлгілеу, пішу және тігу: үстелдер, орындықтар, тігін машиналары, шырақтар, қайшылар, оверлог, үтік, манекен;
31) шешендік өнер және көркемдік оқу: үстелдер, орындықтар, мінбелер, айналар;
32) режиссерлік өнер: подиум (трибуна, сахна), орындықтар, дыбыстық, бейне және жарықтандыру жабдықтары, айналар;
33) робототехника: конструкторлар және шығыс материалдары (моторшылар, датчиктер, кәбілдер), қайшылар, тегістегіштер, бұрамалар, компьютерлік техника және роботтарды басқаруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету;
34) бағдарламалау: үстелдер, орындықтар, бағдарламалық қамтамасыз етуі бар компьютерлер, интернет;
35) құрастыру және модельдеу: үстелдер, орындықтар, бағдарламалық қамтамасыз етуі бар компьютерлер, интернет, 3D-принтер, 3D-басып шығаруға арналған шығыс материалдары;
36) STEAM: үстелдер, орындықтар, бағдарламалық қамтамасыз етуі бар компьютерлер, интернет, бейінді зертханалық жабдық (егер пайдаланылса), виртуалды зертханалар (егер пайдаланылса) маркерлік тақталар, проектор;
37) математика және логика, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар, ғылыми және зерттеу үйірмелері: үстелдер, орындықтар, бағдарламалық қамтамасыз етуі бар компьютерлер, интернет, маркерлік тақталар.

 
  5 -қосымша. Жергілікті
бюджеттен қаржыландыруға
жататын белгілі бір сабақ
түрлері (үйірмелер/секциялар)

Қызмет санаттарының жіктеуіші

Қызмет (сабақ)түрлерінің жіктеуіші

Ең төменгі жас, жасы

Сабақтың ең аз ұзақтығы, 10 жылға дейін, минуттар

Сабақтың ең аз ұзақтығы, 10 жылға дейін, минуттар

Айына ең аз сабақ саны

Топтағы балалар саны, адам

(1)

(2)

(3)

(4)

(5)

(6)

(7)

(8)

1.

1.СПОРТ СЕКЦИЯЛАРЫ







2.

1.1 Жеке спорт түрлері







3.


Жеңіл атлетика

9

60

90

12

16 адамнан аспайды

4.


Теннис

5

60

90

12

12 адамнан аспайды

5.


Үстел теннисі

6

60

90

12

12 адамнан аспайды

6.


Көркем гимнастика

5

60

90

12

20 адамнан аспайды

7.


Ат спорты

10


60

12

10 адамнан аспайды

8.

1.2 Командалық спорт түрлері







9.


Футбол

8

60

90

12

10 адамнан кем емес, 20 адамнан көп емес

10.


Футзал (мини-футбол)

8

60

90

12

8 адамнан кем емес, 20 адамнан көп емес

11.


Баскетбол

9

60

90

12

6 адамнан кем емес, 20 адамнан көп емес

12.


Классикалық волейбол

9

60

90

12

8 адамнан кем емес, 20 адамнан көп емес

13.


Гандбол

7

60

90

12

10 адамнан кем емес, 20 адамнан көп емес

14.

1.3 Жауынгерлік, күштік және өзін-өзі қорғау спорт түрлері







15.


Дзюдо

10


90

12

20 адамнан аспайды

16.


Карате (WKF)

8

60

90

12

20 адамнан аспайды

17.


Таеквондо (WTF)

8

60

90

12

20 адамнан аспайды

18.


Бокс

10


90

12

12 адамнан аспайды

19.


Еркін күрес

10


90

12

20 адамнан аспайды

20.


Грек-рим күресі

10


90

12

20 адамнан аспайды

21.


Қазақ күресі

10


90

12

20 адамнан аспайды

22.

1.4 Ойын спорты және стратегиялары







23.


Шахматы

7

60

90

12

16 адамнан аспайды

24.


Киберспорт

7

60

90

12

12 адамнан аспайды

25.

1.5 Су спорты түрлері







26.


Жүзу

7

50

75

12

16 адамнан аспайды

27.

1.6 Көру қабілеті нашар МШ балаларға арналған







28.


Дзюдо [МШ: көру қабілеті нашар]

10


60

12

10 адамнан аспайды

29.


Жеңіл атлетика [МШ: көру қабілеті нашар]

10


60

12

10 адамнан аспайды

30.


Жүзу [МШ: көру қабілеті нашар]

8

40

60

12

10 адамнан аспайды

31.


Шахмат [МШ: көру қабілеті нашар]

8

60

60

12

10 адамнан аспайды

32.

1.7 Есту қабілеті нашар МШ балаларға арналған







33.


Баскетбол [МШ: есту қабілеті нашар]

8

60

60

12

12 адамнан аспайды

34.


Еркін күрес [МШ: есту қабілеті нашар]

8

60

60

12

12 адамнан аспайды

35.


Грек-рим күресі [МШ: есту қабілеті нашар]

8

60

60

12

12 адамнан аспайды

36.


Волейбол [МШ: есту қабілеті нашар]

8

60

60

12

12 адамнан аспайды

37.


Дзюдо [МШ: есту қабілеті нашар]

8

60

60

12

12 адамнан аспайды

38.


Каратэ (WTF) [МШ: есту қабілеті нашар]

8

60

60

12

12 адамнан аспайды

39.


Таэквондо (WTF) [МШ: есту қабілеті нашар]

8

60

60

12

12 адамнан аспайды

40.


Жеңіл атлетика [МШ: есту қабілеті нашар]

8

60

60

12

12 адамнан аспайды

41.


Жүзу [МШ: есту қабілеті нашар]

8

60

60

12

12 адамнан аспайды

42.


Теннис [МШ: есту қабілеті нашар]

8

60

60

12

10 адамнан аспайды

43.


Үстел теннисі [МШ: есту қабілеті нашар]

8

60

60

12

10 адамнан аспайды

44.


Футбол [МШ: есту қабілеті нашар]

8

60

60

12

16 адамнан аспайды

45.


Футзал (мини-футбол) [МШ: есту қабілеті нашар]

8

60

60

12

16 адамнан аспайды

46.


Шахмат [МШ: есту қабілеті нашар]

8

60

60

12

12 адамнан аспайды

47.

1.8 ТҚА бұзылған МШ балаларға арналған







48.


Отырып волейбол ойнау [МШ: ТҚА бойынша]

10


60

12

16 адамнан аспайды

49.


Жеңіл атлетика [МШ: ТҚА бойынша]

10


60

12

16 адамнан аспайды

50.


Жүзу [МШ: ТҚА бойынша]

6

40

60

12

10 адамнан аспайды

51.


Үстел теннисі [МШ: ТҚА бойынша]

10


60

12

10 адамнан аспайды

52.


Шахмат [МШ: ТҚА бойынша]

6

60

60

12

12 адамнан аспайды

53.


Спорттық билер [МШ: ТҚА бойынша]

7

60

60

12

12 адамнан аспайды

54.


Тұрып волейбол ойнау [МШ: ТҚА бойынша]

10


60

12

16 адамнан аспайды

55.


Бочча [МШ: ТҚА бойынша]

6

60

60

12

16 адамнан аспайды

56.


Футбол 7х7 [МШ: ТҚА бойынша]

8

60

60

12

16 адамнан аспайды

57.

1.9 Біріктірілген топтар үшін







58.


Бейімделген жүзу [инклюзия]

6

40

60

12

10 адамнан аспайды

59.


Каратэ (WFT) бейімделетін [инклюзия]

6

60

60

12

10 адамнан аспайды

60.


Таеквондо бейімделген [инклюзия]

6

60

60

12

10 адамнан аспайды

61.


Бейімделетін бочча [инклюзия]

6

60

60

12

10 адамнан аспайды

62.


Бейімделген футбол [инклюзия]

6

60

60

12

10 адамнан аспайды

63.


Бейімделген баскетбол [инклюзия]

12


60

12

12 адамнан аспайды

64.


Бейімделген бадминтон [инклюзия]

8

60

60

12

12 адамнан аспайды

65.


Бейімделген волейбол [инклюзия]

12


60

12

16 адамнан аспайды

66.


Бейімделген теннис [инклюзия]

12


60

12

8 адамнан аспайды

67.

2. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙРЕЛЕРІ







68.

2.1 Бейнелеу өнері







69.


Сурет салу (акварель, гуашь, май)

4

60

90

12

10 адамнан аспайды

70.


Графика және иллюстрация

6

60

90

12

10 адамнан аспайды

71.


Кескіндеме

4

60

90

12

10 адамнан аспайды

72.


Мүсін

6

60

90

12

10 адамнан аспайды

73.


Көркем фотосурет

12


90

12

10 адамнан аспайды

74.

2.2 Музыкалық шығармашылық







75.


Эстрадалық вокал

5

60

90

12

10 адамнан аспайды

76.


Вокалдық ансамбль

6

60

90

12

8 адамнан кем емес, 15 адамнан көп емес

77.


Хор ансамблі

6

60

90

12

25 адамнан кем емес, 30 адамнан көп емес

78.


Халық әндері

5

60

90

12

10 адамнан аспайды

79.


Перне аспаптары

6

60

90

12

10 адамнан аспайды

80.


Ішекті аспаптар

6

60

90

12

10 адамнан аспайды

81.


Үрмелі аспаптар

10


90

12

10 адамнан аспайды

82.


Эстрада аспаптары

10


90

12

10 адамнан аспайды

83.


Ұрмалы аспаптар

10


90

12

10 адамнан аспайды

84.


Халық аспаптары

6

60

90

12

10 адамнан аспайды

85.


Аспаптық ансамбль

10


90

12

8 адамнан кем емес, 15 адамнан көп емес

86.


Домбыра

6

60

90

12

10 адамнан аспайды

87.

2.3 Би өнері







88.


Ұлттық (халық) билері

4

60

90

12

12 адамнан кем емес, 20 адамнан көп емес

89.


Классикалық балет

4

60

90

12

12 адамнан кем емес, 20 адамнан көп емес

90.


Қазіргі заманғы (эстрадалық) билер

4

60

90

12

12 адамнан кем емес, 20 адамнан көп емес

91.


Хореографиялық ансамбль

4

60

90

12

12 адамнан кем емес, 20 адамнан көп емес

92.


Бал билері

4

60

90

12

12 адамнан кем емес, 20 адамнан көп емес

93.

2.4 Медиа және дизайн







94.


Бейне түсіру және монтаждау

10


90

12

10 адамнан аспайды

95.


Графикалық дизайн

10


90

12

10 адамнан аспайды

96.

2.5 Театр өнері







97.


Актерлік шеберлік

5

60

90

12

10 адамнан аспайды

98.


Драматургия

5

60

90

12

10 адамнан аспайды

99.


Қуыршақ театры

8

60

90

12

10 адамнан аспайды

100.


Режиссерлік өнер

10


90

12

10 адамнан аспайды

101.

2.6 Сәндік-қолданбалы өнер







102.


Мүсіндеу

4

60

90

12

10 адамнан аспайды

103.


Кесте тігу

8

60

90

12

10 адамнан аспайды

104.


Ағаш ою

10


90

12

10 адамнан аспайды

105.


Батик (матаға сурет салу)

8

60

90

12

10 адамнан аспайды

106.


Жүн/киіз басу

8

60

90

12

10 адамнан аспайды

107.


Тоқу

8

60

90

12

10 адамнан аспайды

108.


Тоқу, кілем тоқу

10


90

12

10 адамнан аспайды

109.


Бисермен өру

6

60

90

12

10 адамнан аспайды

110.


Зергерлік өнер

10


90

12

10 адамнан аспайды

111.


Макраме

6

60

90

12

10 адамнан аспайды

112.


Құрақ құрау

8

60

90

12

10 адамнан аспайды

113.


Теріні өңдеу

10


90

12

10 адамнан аспайды

114.


Қағазды модельдеу (оригами)

6

60

90

12

10 адамнан аспайды

115.


Киімді модельдеу

6

60

90

12

10 адамнан аспайды

116.


Пішу және тігу

6

60

90

12

10 адамнан аспайды

117.

3.ОҚЫТУ ҮЙІРМЕЛЕРІ







118.

3.1 Техникалық және цифрлық технологиялар







119.


Робототехника

4

60

80

12

10 адамнан аспайды

120.


Құрастыру және модельдеу

4

60

80

12

10 адамнан аспайды

121.


Бағдарламалау

6

40

60

12

10 адамнан аспайды

122.


STEAM

4

40

60

12

10 адамнан аспайды

123.

3.2 Математика және логика







124.


Факультативті математика

4

40

60

12

10 адамнан аспайды

125.


Логика мен тапқырлықты дамыту

4

40

60

12

10 адамнан аспайды

126.

3.3 Әдеби үйірмелер







127.


Шешендік өнер және көркем оқу

8

40

60

12

10 адамнан аспайды

128.

4.ТАНЫМДЫҚ ҮЙІРМЕЛЕР







129.

4.1 Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар







130.


Кәсіпкерлік негіздері

13


60

12

10 адамнан аспайды

131.


Дебаттар

10


60

12

10 адамнан аспайды

132.


Журналистика

10


60

12

10 адамнан аспайды

133.

4.2 Ғылыми-зерттеу клубтары







134.


Ғылыми жобалар

10


80

12

12 адамнан аспайды


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады