ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару" ("Цифрлық ҚҚС") мемлекеттік қызмет көрсетуді жаңғырту және жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 628 және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 575/НҚ бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және осы бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.";
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген "Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару" ("Цифрлық ҚҚС") Мемлекеттік қызмет көрсетуді жаңғырту және жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерінде:
4-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) мемлекеттік кірістер органдары:
осы пилоттық жобаны жүргізуге байланысты мәселелер бойынша түсіндірмелер береді;
пилоттық жобаны іске асыруға байланысты мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінен мәліметтерді Цифрлық теңге жүйесіне береді;
пилоттық жобаға қатысушы-салық төлеушілер арасында жүргізілген төлемдер мен олардың Цифрлық теңге жүйесінен алынған бюджетке төленетін төлемдерінің деректерін өңдейді;
пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде ҚҚС асып кету сомасын қайтаруды растайды және жүзеге асырады;
егер негізгі/түзетілген ЭШФ бойынша цифрлық теңгемен ҚҚС төлеу жүргізілген жағдайда, күнтізбелік 10 (он) күн ішінде тауар құнын және ҚҚС сомасын төмендетуге жазылған түзетілген және қосымша ЭШФ жойылады;
цифрлық теңгеде ҚҚС төлемі болмаған жағдайда ЭШФ кері қайтарып алуға рұқсат етіледі;
егер ҚҚС-ты алушы төлеген, бірақ өнім беруші цифрлық теңгемен қайтармаған жағдайда, ЭШФ кері қайтарып алуға тыйым салынады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Пилоттық жобаға қатысушы-салық төлеуші өзінің цифрлық шотынан тауарларды өнім берушінің цифрлық шотына ақша аудару үшін төлем құжатында тиісті ЭШФ тіркеу нөмірін көрсетеді. Бұл ретте пилоттық жобаға қатысушы-салық төлеуші бухгалтерлік жүйеде немесе ЕДБ қашықтықтан банктік қызмет көрсету арналарының интерфейстері арқылы төлем құжаттарын автоматты түрде қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
ЭШФ тіркеу нөмірі көрсетілген төлемді жүргізу кезінде, оларды:
105101, 105102, 105104, 105115 бюджеттік сыныптама кодына (бұдан әрі – БСК) бюджетке ҚҚС төлеуге;
басқа ҚҚС төлеушіге ЭШФ-мен байланыстыра отырып, төлемде ҚҚС төлеуге жұмсауға шектеу белгілейтін төлемнің бір бөлігіне (ЭШФ-дағы ҚҚС сомасына) цифрлық теңгені таңбалау жүргізіледі.
Өзінің цифрлық шотынан бюджетке 105102 БСК-ге ақша аудару үшін пилоттық жобаға қатысушы-салық төлеуші төлем құжатында тауарларға арналған декларацияның нөмірін, 105104 БСК-ге – ЭШФ тіркеу нөмірін, 105115 БСК-ге – импортқа арналған тауарларға ілеспе жүкқұжаттың тіркеу нөмірін немесе тауарларды әкелу туралы өтініштің нөмірі мен күнін көрсетеді.
Электрондық шарт негізінде алдын ала төлемді жүзеге асыру кезінде:
төлем тапсырмасында пилоттық жобаға қатысушы-салық төлеуші (сатып алушы) электрондық шарттың нөмірін көрсетеді;
ЭШФ-да электрондық шарттың нөмірі мен күні көрсетіледі.
Бюджетке ҚҚС аудару ЕДБ клиентінің өкімі бойынша МКК цифрлық шотында жүзеге асырылады.
МКК МКК-нің цифрлық шотынан ҚК-нің цифрлық шотына цифрлық теңгеде ҚҚС сомасын аударады.
ҚК Цифрлық теңге жүйесінде МКК-нің цифрлық шотынан аударылған сомаға тең сомада цифрлық теңгені өтеуге сұрау салу жолдайды.
ҰБ "ҰТК" АҚ-дан цифрлық ақшаны өтеу үшін тиісті тізілімді және ҚК-нің сұрау салуы негізінде қалыптастырылған төлем хабарламасын алғаннан кейін Бірыңғай қазынашылық шотқа өтелген цифрлық теңге сомасын есепке жазу жолымен цифрлық теңгені өтеуді жүзеге асырады, сондай-ақ "ҰТК" АҚ-ға шығарылған электрондық ақша бойынша міндеттемелер шоты бойынша үзінді көшірмені береді.
Пилоттық жобаға қатысушы-салық төлеушінің ЭШФ-ға байланысты төлемді растауы пилоттық жобада цифрлық теңгені таңбалауға келісімі болып табылады.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 7 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қолданылады.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
______Ж. Мадиев |
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
________М. Такиев |
