Интернет-алаң иелерінің мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) және (немесе) төлемдер туралы ұсынатын мәліметтерінің нысанын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 509 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 56-бабы 5-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Интернет-алаң иелерінің мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) және (немесе) төлемдер туралы ұсынатын мәліметтерінің нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Интернет-алаң иелерінің мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) және (немесе) төлемдер туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 509 Бұйрыққа 1-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

Интернет-алаң иелерінің мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) және (немесе) төлемдер туралы ұсынылатын мәліметтері

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.kgd.gov.kz интернет – ресурста орналастырылған.

      Әкімшілік нысанның атауы: Интернет-алаң иелерінің мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) және (немесе) төлемдер туралы ұсынылатын мәліметтер.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі ИАИМ1.

      Кезеңділік: ай сайын.

      Есепті кезең: 20____ жыл ____ айы.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Интернет-алаң иелері.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есептік айдан кейінгі айдың 5-інен (бесінен) кешіктірмей.

      Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі: __________________.

      Жинау әдісі: электронды түрде және (немесе) қағаз жеткізгіште.

Тауарлар мен (немесе) қызметтерді (жұмыстарды) жүзеге асыратын тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі

Тауарлар мен (немесе) қызметтерді (жұмыстар ды) жүзеге асыратын тұлғалардың атауы

Тауарлар мен (немесе) қызмет терді (жұмыс тарды) жүзеге асыратын тұлғалардың резидент тік мәртебесі

Қосылған құн салығын қоспағандағы өткізілген тауарлардың құны (теңге)

Азық- түлік

Дәрі-дәрмектер

Фильмдер, музыка

1

2

3

4

5

6

7








      Кестенің жалғасы


Кітаптар, журнал дар, газеттер

Киім, аяқ-киім, спорттық тауарлар

Косме тика

Ойындарды қоспағанда, компьютер лік, бағдарламалық қамтамасыз ету

Компью терлік тауарлар (дискілер флеш жинақта ғыштар

Компьютерлік ойындар және бейне ойын дар

Фото, телекоммуникациялық және оптикалық құрылғы

8

9

10

11

12

13

14








      Кестенің жалғасы


Тұрмыс
тық тауарлардың (жиһаз және ас үй жабдықтары)

Музыкалық аспаптар

Кеңсе тауарлары

Автокөлік қосалқы бөлшектері

Өзге тауар лар

Қайтар ымды қоспағандағы өткізу дің жалпы құны

Өткізіл ген тауарлар бойынша қайтарым құны

Қайтарым ды ескере отырып өткіз ілген тауарлар дың жал пы құны

15

16

17

18

19

20

21

22









      Кестенің жалғасы

Өткізіл ген тауарлар бойын ша қосым ша құн салығы ның сомасы (теңге)

Көрсетілген қызметтердің (жұмыстардың) қосылған құн салығын қоспағандағы құны (теңге)

Орналас тыру қызмет теріндегі (тұрғын үй, қонақ үй) орындар ды брондау және төлеу бойынша көрсетіл ген қызмет тердің өткізу құны

Көлік қызметтеріне (әуе, темір жол, теңіз немесе өзен) билет терді брон дау және төлеу бойынша көрсет ілген қызметтердің өткізу құны

Ойын-сауық іс-шара ларына (спорт тық, театр, цирк, концерт) билеттерді брондау бойынша көрсетіл ген қызмет тердің өткізу құны

Жолау шы ларды тасымал дау қызмет тері (әуе, темір жол, теңіз немесе өзен) бойын ша өткізу дің құны

Жүк тасымал дау қызмет тері (әуе, темір жол, теңіз немесе өзен) бойын ша өткізу дің құны

Емдік-сауықтыру және стоматология лық қызметтердің өткізу құны

23

24

25

26

27

28

29








      Кестенің жалғасы


Заң қызметтері нің өткізу құны

Қаржылық, бухгалтерлік қызметтер дің өткізу құны

Білім беру қызмет терінің өткізу құны

Жарнама саласын дағы қызметтердің өткізу құны

Ақпараттық-коммуникация лық технологиялар саласындағы (теледидар, цифрлық телефония) қызметтердің өткізу құны

Өзге де қызмет түрлерінің өткізу құны

30

31

32

33

34

35

      Кестенің жалғасы


Көрсетілген қызметтер бойынша қайтарым сомасын қоспағандағы өткізудің жалпы құны

Өткізілген қызметтер бойынша қайтарым сомасы

Қайтарымды ескере отырып өткізілген қызметтердің жалпы құны

Көрсетілген қызметтер (жұмыстар) бойынша қосылған құн салығының сомасы

Қосылған құн салығын қоспағандағы интернет-алаң ұстаған комиссия немесе оның алған табыс сомасы

36

37

38

39

40






Төлемді алған тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі

Төлемді алған тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

Төлем жасалған күн

Салықты есептемегендегі төлем сомасы

Есептелген төлем бойынша салық сомасы

41

42

43

44

45

      Ескерту: Интернет-алаң иелерінің мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) және (немесе) төлемдер туралы ұсынылатын мәліметтер нысанын толтыруға арналған түсіндірме аталған нысанға қоса берілген қосымшада келтірілген.

      Атауы _____________________________________________________________

      Резиденттік мәртебесі ________________________________________________

      Адрес ______________________________________________________________

      Телефон ____________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ____________________________________

      Орындаушы _________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) қолы, телефон _________

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _______________________________

      ______________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) қолы

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда).

      Интернет-алаң иелерінің мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) және (немесе) төлемдер туралы ұсынылатын мәліметтер нысанға

      қосымша

      Қазақстан Республикасының резидент–жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) және (немесе) төлемдер туралы ұсынылатын мәліметтерді толтыру бойынша түсіндірме

      Нысанның 1-бағанында жолдың реттік нөмірі.

      Нысанның 2-бағанында  тауарларды және (немесе) қызметтерді өткізетін тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      Аталған баған Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын тауарларды және (немесе) қызметтерді өткізетін тұлғаларға қатысты толтырылады.

      Нысанның 3-бағанында тауарларды және (немесе) қызметтерді өткізетін тұлғалардың атауы көрсетіледі.

      Нысанның 4-бағанында тауарларды және (немесе) қызметтерді өткізетін тұлғалардың резиденттік мәртебесі көрсетіледі.

      Нысанның 5-бағанында өткізілген азық-түлік өнімдерінің құны көрсетіледі.

      Нысанның 6-бағанында өткізілген дәрі-дәрмектердің құны көрсетіледі.

      Нысанның 7-бағанында өткізілген фильмдер мен музыканың құны көрсетіледі.

      Нысанның 8-бағанында өткізілген кітаптар, журналдар, газеттердің құны көрсетіледі.

      Нысанның 9-бағанында өткізілген киімдер, аяқ киімдер, спорттық тауарлардың құны көрсетіледі.

      Нысанның 10-бағанында өткізілген косметиканың құны көрсетіледі.

      Нысанның 11-бағанында ойындардан қоспағанда өткізілген компьютерлік, бағдарламалық қамтамасыз етудің құны көрсетіледі.

      Нысанның 12-бағанында өткізілген компьютерлік тауарлардың (дискілер және флеш-жинақтағыш) құны көрсетіледі.

      Нысанның 13-бағанында өткізілген компьютерлік ойындар мен бейнеойындардың құны көрсетіледі.

      Нысанның 14-бағанында өткізілген фото, телекоммуникациялық және оптикалық жабдықтардың құны көрсетіледі.

      Нысанның 15-бағанында өткізілген тұрмыстық тауарлардың (жиһаз және ас үй жабдықтары) құны көрсетіледі.

      Нысанның 16-бағанында өткізілген музыкалық аспаптардың құны көрсетіледі.

      Нысанның 17-бағанында өткізілген кеңсе тауарларының құны көрсетіледі.

      Нысанның 18-бағанында өткізілген автокөлік қосалқы бөлшектерінің құны көрсетіледі.

      Нысанның 19-бағанында өткізілген өзге тауарлардың құны көрсетіледі.

      Нысанның 20-бағанында қайтарымды қоспағандағы өткізудің жалпы құны көрсетіледі.

      Нысанның 21-бағанында өткізілген тауарлар бойынша қайтарым құны көрсетіледі.

      Нысанның 22-бағанында қайтарымды ескере отырып өткізілген тауарлардың жалпы құны көрсетіледі.

      Нысанның 23-бағанында өткізілген тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.

      Нысанның 24-бағанында орналастыру қызметтеріндегі (тұрғын үй, қонақ үй) орындарды брондау және төлеу бойынша көрсетілген қызметтердің өткізу құны көрсетіледі.

      Нысанның 25-бағанында көлік қызметтеріне (әуе, теміржол, теңіз немесе өзен) билеттерді брондау және төлеу бойынша көрсетілген қызметтердің өткізу құны көрсетіледі.

      Нысанның 26-бағанында ойын-сауық іс-шараларына (спорттық, театр, цирк, концерт) билеттерді брондау бойынша көрсетілген қызметтердің өткізу құны көрсетіледі.

      Нысанның 27-бағанында жолаушыларды тасымалдау қызметтері (әуе, теміржол, теңіз немесе өзен) бойынша өткізудің құны көрсетіледі.

      Нысанның 28-бағанында жүк тасымалдау қызметтері (әуе, теміржол, теңіз немесе өзен) бойынша өткізудің құны көрсетіледі.

      Нысанның 29-бағанында көрсетілген емдік-сауықтыру және стоматологиялық қызметтердің өткізу құны көрсетіледі.

      Нысанның 30-бағанында көрсетілген заң қызметтерінің өткізу құны көрсетіледі.

      Нысанның 31-бағанында көрсетілген қаржылық, бухгалтерлік қызметтердің өткізу құны көрсетіледі.

      Нысанның 32-бағанында көрсетілген білім беру қызметтерінің өткізу құны көрсетіледі.

      Нысанның 33-бағанында көрсетілген жарнама саласындағы қызметтердің өткізу құны көрсетіледі.

      Нысанның 34-бағанында көрсетілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы (теледидар, цифрлық телефония) қызметтердің өткізу құны көрсетіледі.

      Нысанның 35-бағанында көрсетілген өзге де қызмет түрлерінің өткізу құны көрсетіледі.

      Нысанның 36-бағанында көрсетілген қызметтер бойынша қайтарым сомасын қоспағандағы өткізудің жалпы құны көрсетіледі.

      Нысанның 37-бағанында өткізілген қызметтер бойынша қайтарым сомасы көрсетіледі.

      Нысанның 38-бағанында қайтарымды ескере отырып өткізілген қызметтердің жалпы құны көрсетіледі.

      Нысанның 39-бағанында көрсетілген қызметтер (жұмыстар) бойынша қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.

      Нысанның 40-бағанында қосылған құн салығын қоспағанда интернет-алаң ұстаған комиссия немесе оның алған табыс сомасы көрсетіледі.

      Нысанның 41-бағанында төлемді алған тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Аталған баған төлем алған Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын тұлғаларға қатысты толтырылады.

      Нысанның 42-бағанында төлемді алған тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі.

      Нысанның 43-бағанында төлем жасалған күн көрсетіледі.

      Нысанның 44-бағанында салықты есептемегендегі төлем сомасы көрсетіледі.

      Нысанның 45-бағанында есептелген төлем бойынша салық сомасы көрсетіледі.

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 509 Бұйрыққа 2-қосымша

Интернет-алаң иелерінің мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) және (немесе) төлемдер туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы интернет-алаң иелерінің мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) және (немесе) төлемдер туралы мәліметтерді ұсыну (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 56-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және интернет-алаң иелері Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) және (немесе) төлемдер туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар:

      1) интернет-алаң – ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі мен интернет арқылы тауарлар сатуға, қызметтер көрсетуге, қызметтер көрсету туралы ұсыныстарға, оның ішінде интернет-дүкенге және (немесе) сауда алаңына қолжетімділік беру арқылы өзге тұлғаларға көрсетілетін қызметтерді сату және көрсету, тапсырысты ресімдеу және төлем жасау үшін мүмкіндік беру бойынша делдалдық қызметтер көрсетуге арналған интернет-дүкен және (немесе) сауда алаңы.

      2) интернет-алаң иесі – тауарлар мен қызметтерді өткізу ісін ұйымдастыратын заңды тұлға;

      3) Қазақстан Республикасы аумағында интернет-алаң арқылы қызметін жүзеге асыратын шетелдік компания – Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы тауарларды жүзеге асыратын және (немесе) қызмет көрсететін резидент емес заңды тұлға;

      4) мемлекеттік кірістер органы – өз құзыреті шегінде салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган салық органы болып табылады.

2-бөлім. Интернет-алаң иелерінің мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) және (немесе) төлемдер туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдері

      3. Интернет-алаң иесі есептік айдан кейінгі айдың 5-інен (бесінен) кешіктірмей Комитетке Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғаларына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер (жұмыстар) және (немесе) төлемдер туралы мәліметтерді (бұдан әрі - Мәліметтер), осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынады.

      Мәліметтер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі. Егер тауарлар мен қызметтердің өткізілуі, сондай-ақ төлемдер шетел валютасында жүзеге асырылған болса, мұндай сатылым мен төлемнің сомасы өткізу және (немесе) төлем жасалған күнге Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Заңының 20-бабының 6-1-тармағына сәйкес уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірлесіп айқындаған валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына конвертацияланады.

      4. Мәліметтер Комитетке интеграцияланған салық әкімшілендіру жүйесі (бұдан әрі – ИСӘЖ) техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайларды қоспағанда, ИСӘЖ арқылы ұсынылады. ИСӘЖ техникалық ақаулар (қателер) болған жағдайларда Мәліметтер Комитетке қағаз күйінде пошта байланысы арқылы ұсынылады.

      ИСӘЖ техникалық ақаулардың (қателердің) бар екендігі туралы ақпарат Комитеттің сайтында техникалық ақаулардың (қателердің) бар екендігі туралы баспасөз релизін жариялау арқылы расталады.

      ИСӘЖ интеграция орнатылғанға дейін Мәліметтер қағаз түрінде ұсынылады.

      5. Мәліметтер Комитетке қазақ немесе орыс тілінде ұсынылады және оларды ұйым басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды.

      Ұйым басшысы ұсынылған Мәліметтердің дұрыстығы мен уақтылығына жеке жауапты болады.

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде мемлекеттік кірістер органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

      Толтыруға жататын деректер болмаған жағдайда, Мәліметтер нөлдік мәнімен ұсынылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады