Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесінің қызметкерлерін кеңсе жабдықтарымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 380 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) Республикалық бюджет комиссиясының қызметкерлеріне жылына 1 (бір) қызметкерге 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде кеңсе жабдықтарымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;

      2) ведомстволық бюджет комиссиясының қызметін жүзеге асыратын қызметкерлеріне жылына 1 (бір) қызметкерге 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде кеңсе жабдықтармен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;

      3) ақпаратты қорғау бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне жылына 1 (бір) қызметкерге 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде кеңсе жабдықтарымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;

      4) құжаттамалық қамтамасыз ету құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне жылына 1 (бір) қызметкерге 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде кеңсе жабдықтарымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;

      5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің ақпаратты қорғау жөніндегі қызметкерлеріне жылына 1 (бір) қызметкерге 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде кеңсе жабдықтарымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары;

      6) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің құжаттамалық қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерлеріне жылына 1 (бір) қызметкерге 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде кеңсе жабдықтарымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесінің қызметкерлерін кеңсе жабдықтарымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 1199 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 653 бұйрығының күші жойылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі сатып алу және Министрліктің активтері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады