Ұйғыр аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 қазандағы "Ұйғыр ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 8-10-52 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 қазандағы № 8-49-230 шешімі

      Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұйғыр аудандық мәслихатының "Ұйғыр ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 11 қазандағы № 8-10-52 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6041-05 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      9-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:


      "1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

      өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

      оның мүлкіне зиян келтірілген жағдайда (растайтын құжат болған жағдайда) бір рет – 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткіш;

      дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі;";

      9-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:


      "2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға бір рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш:

      пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға бір рет – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш;";

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ұйғыр аудандық мәслихатының "Халықты әлеуметтік жағынан қорғау, жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, тіл, діни және жастар ісі мәселелер жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұйғыр аудандық мәслихатының төрағасы Н. Есжан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады