Нұра ауылдық округінің Нұра ауылындағы көшеге атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар ауданы Нұра ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 1 желтоқсандағы № 07 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бесағаш ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2025 жылғы 11 маусымындағы қорытындысы негізінде Талғар ауданы Нұра ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Нұра ауылдық округінің Нұра ауылындағы атауы жоқ көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Терлікбаев Әлімбайдың есімі берілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұра ауылдық округінің әкімі А.Оразбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады