"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4-тармақшасына сәйкес, тиісті аумақтық халқының пікірін ескере отырып, Жетісу облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 15 тамыздағы қорытындысы негізінде Жетісу облысы Панфилов ауданы Үлкенағаш ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Үлкенағаш ауылдық округі Әулиеағаш ауылы №2 атауы жоқ көшеге Ыбрайымжан Ауғанбаев атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Үлкенағаш ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Қ.Әлімғазыға жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланган күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Үлкенағаш ауылдық округінің әкімі | Е.Нұрахметов |
