"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 5-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Райымбек аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы "Райымбек аудандық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" № 34-162 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 28 наурызда № 4607 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | С. Мусирбаев |
