Бәйдібек би ауылдық округінің Бәйдібек би ауылындағы көшелерінің атауын өзгету туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 8 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып және 2025 жылғы 11 маусымдағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйдібек би ауылдық округінің "Ключевая" көшесі "Ақтұма" көшесіне, "Коммунистическая" көшесі "Жібек жолы" көшесіне, "Садовая" көшесі "Алмалы" көшесіне, "Виноградная" көшесі "Алатау" көшесіне, "Арычная" көшесі "Ағынсай" көшесіне, "Комсомольская" көшесі "Береке" көшесіне, "Первомайская" көшесі "Ынтымақ" көшесіне, "8 марта" көшесі "Наурызым" көшесіне, "МТФ" көшесі "Шалқар" көшесіне, "Сибирская" көшесі "Сарыарка" көшесіне, "Телевышка" көшесі "Жиделі" көшесіне, "Северная" көшесі "Тұйық" көшесіне, "Восточная" көшесі "Нұрлы" көшесіне, "Подстанция" көшесі "Баянды" көшесі болып өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуы "Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекесінің бас маманы А.Айтуоваға жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бәйдібек би ауылдық округінің әкімі Е.Рысбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады