"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Алматы облыстық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 11 маусымдағы қорытындысы негізінде, Балатопар ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Балатопар ауылының атауы жоқ көшесі – Әбілаш Айпейісов көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Балатопар ауылдық округінің әкімі | Б.Бажибаев |
