Бақанас ауылдық округінің жаңа көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 21 тамыздағы № 02 шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бақанас ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып және 2025 жылғы 11 маусымдағы Алматы облысының онамастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Балқаш ауданы Бақанас ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бақанас ауылдық округі Бақанас ауылындағы жаңа көшелерге Ұлы Отан соғысының ардагерлері "Алтынбаев Сейткерім", "Әбдірасылов Сейдахмет", "Назтаев Әбдіқай", "Шоқанов Еркебек", "Дүйсенов Сәдуақас", "Смағұлов Сүлеймен", "Елубаев Сәскебай" атаулары берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Э. Байгуатова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады