Қонаев қаласында әлеуметтік мәні бар тұрақты жолаушылар тасымалына қатысты кейбір қаулылардың күшін жою туралы

Жаңа

Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 30 шілдедегі № 604 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қонаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға сәйкес кейбір қаулылардың күші жойылды деп танылсын:

      1) Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы №78 "Қонаев қаласының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдауға тарифін белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын. Аталған қаулы 2023 жылы 13 ақпанда №5969-05 тіркеу нөмірімен Алматы облысының Әділет департаментінде тіркелген.

      2) Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 8 қаңтардағы №4 "Қонаев қаласында және аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдауда сараланған тарифтерін белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын. Аталған қаулы 2024 жылғы 9 қаңтарда №6071-05 тіркеу нөмірімен Алматы облысының Әділет департаментінде тіркелген.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А. Бердіханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады