Қонаев қаласында және аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдауда сараланған тарифтерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 4 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 9 қаңтарда № 6071-05 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 30 шілдедегі № 604 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қонаев қаласы әкімдігінің 30.07.2025 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағы 9) тармақшасына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 4-тармағына сәйкес, Қонаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қонаев қаласының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдауда сараланған тарифтері келесі мөлшерде белгілесін:

      1) жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері арқылы немесе электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 80 (сексен) теңге;

      2) жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 200 (екі жүз) теңге.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қонаев қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қонаев қаласының әкімі Н. Куматаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қонаев қалалық мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады