"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына, "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 05 сәуірдегі "Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 123 келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі - Ереже) осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
2. Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 29 қазандағы "Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 05 сәуірдегі "Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 123 қаулысына өгеріс енгізу туралы" № 326 қаулысы жойылсын.
3. "Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) енгізілген өзгерістер туралы аумақтық уәкілетті органды хабардар ету;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы қаулының Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р. Исатаевқа жүктелсін.
Алматы облысының әкімі | М. Сұлтанғазиев |
Алматы облысы әкімдігінің | |
2025 жылғы "____" __________ | |
№ ____ қаулысына | |
қосымша |
"Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) кәсіпкерлік, сауда, индустриялық-инновациялық даму және жер қойнауын пайдалану салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз аталуы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040800, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Д.А. Кунаев даңғылы, 3 "B" ғимараты.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
12. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Басқарманың миссиясы: Алматы облысының аумағында кәсіпкерлік және сауда қызметін, инвестициялық ахуалды, өнеркәсіп және шикізат секторын дамыту үшін жағдай құру.
15. Міндеттері:
1) заңнамаға сәйкес жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) мемлекеттік сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз ету;
3) индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру;
4) кең таралған пайдалы қазбалар және кен іздеушілік бөлігінде жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және қатынастарды реттеу;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің, оның орынбасарларының, облыс әкімі аппараты басшысының және оның орынбасарларының тапсырмалары мен актілерін орындау.
16. Функциялары:
1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатын жүзеге асыру;
2) инвестициялық қолдау жөнінде мемлекеттік саясатты іске асыру, жаңа жұмыс орындарына инвестицияны ынталандыру және облыс экономикасының дамуына қолайлы инвестициялық ахуалды жасау, жаңа технологияны қолданып іске қосылған өндірісті кеңейту мен жаңарту;
3) өңірде шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз ету;
4) өз құзыреті шегінде сауда қызметі субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асыру;
5) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларын жүзеге асыру;
7) меншік түріне қарамастан сауда базарларының қызметін мемлекеттік реттеу және үйлестіруді қамтамасыз ету, сауда базарларының қызметін ұйымдастыру ережесіне және олардың түрлеріне сәйкес базарларға санаттар беру;
8) әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларына олар белгіленген жағдайда рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мониторинг жүргізу;
9) облыстың Өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
10) кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптамалық кеңестердiң қызметiн және өңірлік үйлестіру кеңесінің отырыстарын ұйымдастыру;
11) индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік саясатын іске асыру;
12) индустрияландырудың бірыңғай картасын жүргізу;
13) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
14) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге және кен іздеушілік жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
15) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының отырыстарын өткізу;
16) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының отырыстарын өткізу;
17) лицензиялық режимге көшу жөніндегі жұмыс комиссиясының отырыстарын өткізу;
18) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, мемлекет меншігіндегі темір жолдарды салу (реконструкциялау) және жөндеу мақсаттары үшін, сондай-ақ гидроқұрылыстар мен гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау және жөндеу үшін пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру;
19) келесі мемлекеттік қызметтерді көрсету:
• болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру;
• пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру;
• кен іздеушілікке лицензия беру;
• кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу;
• заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру;
20) облыс аумағында өндiрiлетiн тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тiзбесiн және оларды өндiрушiлердiң имиджін қалыптастыру;
21) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, индустриялық-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсету;
22) облыс бойынша индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуын үйлестiрудi қамтамасыз ету;
23) "Қонаев" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамын, "Алматы облысының өңірлік дамыту орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін, "Alatau" арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін, "Алматы облысының индустриялық аймақтарын басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін басқаруды жүзеге асыру;
24) өңірде ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындайды және өңірде іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды ұйымдастырады;
25) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы ұсыныстарды әзірлеуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға, өңірде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруге қатысады;
26) тиісті аумақта ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында мемлекеттік саясат жүргізуді қамтамасыз етеді;
27) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің гранттары мен инвестицияларын тарту бойынша жәрдем көрсетеді, оларды қоса қаржыландыруға қатысады;
28) өнім шығаруды және (немесе) жаңа технологиялар енгізуді жүзеге асыратын бірлескен өндірістер құру мақсатында жеке кәсіпкерлік, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
29) жеке кәсіпкерлік (оның ішінде шетелдік), квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін ғылым жөнінде кеңестер құрады;
30) қызметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру (практикалық қолдану) болып табылатын заңды тұлғаларды, оның ішінде стартап-компанияларды құруға және (немесе) жарғылық капиталына қатысады;
31) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылу мониторингін жүзеге асырады;
32) уәкілетті органмен және салалық уәкілетті органдармен бірлесіп, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды әдістемелік қамтамасыз етуге қатысады;
33) ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
34) мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуді ұйымдастырады және оларды іске асыруды жүзеге асырады;
35) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде орындалған қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша есептерді бекітеді;
36) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен Басқармаға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
37) Басқарманың құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
38) жүйелі проблемаларды анықтау және оларды шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында келіп түскен өтініштерге талдау жасайды.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
2) облыс бойынша арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуін үйлестіруді қамтамасыз ету;
3) сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар мен қылмыстар жасауға жол бермеу бойынша шараларды қабылдау;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттер мен құқықтарды іске асыруға құқығы бар.
3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
18. Басқармаға басшылықты Басқарманың жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
2) Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және ынталандырады;
3) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;
4) Басқармадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша жеке жауапкершілік алады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді;
6) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23. Басқарманың құрылымын, бөлімдердің ережелерін және қызметкерлердің функционалдық міндеттерін бекітеді.
4. Басқарманың мүлкі
24. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
27. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) "Қонаев" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы;
2) "Алматы облысының өңірлік дамыту орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
3) "Alatau" арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
4) "Алматы облысының индустриялық аймақтарын басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.