"Казхром" Трансұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 23 шілдедегі № 195 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 10) тармақшасына, 37-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына, 69 бабы 4-тармағына, 71-1 бабы 2-тармағына және ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2024 жылғы 06 мамырдағы № 2461-EL пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензиясына негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы аумағынан "Казхром" Трансұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 277,1 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2030 жылдың 16 қаңтарына дейін қауымдық сервитут белгіленсін.

      2 "Хромтау ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Хромтау ауданы әкімінің орынбасары А. Райысұлына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м. а. С. Жаконов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады