"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Ойыл ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс отырысының 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 2 хаттамасының негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ойыл ауданы әкімінің 2024 жылғы 14 тамыздағы № 4 "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешімінің күші жойылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ойыл ауданы әкімінің міндетін атқарушы | С. Сүлеймен |
