Қандыағаш қаласының атауы жоқ құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 30 қазандағы № 388 қаулысы және Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 қазандағы № 453 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 5-1) – тармағына және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастикалық комиссиясының 2025 жылғы 31 шілдедегі № 1 қорытындысы негізінде Мұғалжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласындағы атауы жоқ көшелерге Ұлы Отан соғысының ардагерлері Өтеш Жалмағамбетовтың, Нұрғали Тастанбаевтың және Арыстан Мұқамбетқазиннің есімдері берілсін.

      2. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы әкімінің осы сала бойынша жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар ауданының әкімі Д. Ермағанбетов
      Мұғалжар аудандық
мәслихатының төрағасы
К. Ермағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады