Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, Байғанин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Байғанин ауданы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер бекітілсін.
2. "Байғанин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Купенов |
Байғанин ауданы әкімдігінің 2025 жылғы "12" қыркүйектегі № 219 қаулысымен бекітілген |
Байғанин ауданы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер
№ | Қызмет түрлері | Күніне бір қызмет алушыға арналған тариф, теңге |
1. | Үйде қызмет көрсету | 4335,85 |