Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 4 қорытындысы негізінде және тиісті аумақтық халқының пікірін ескере отырып, Ақтөбе облысы Алға ауданы Үшқұдық ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алға ауданы Үшқұдық ауылының келесі көшесі қайта аталсын:
1) "Комсомольская" көшесін – "Желмая" көшесіне;
2) "Садовая" көшесін – "Таң самалы" көшесіне;
3) "Центральная" көшесін – "Мерей" көшесіне;
4) "Новая" көшесін– "Ата мұра" көшесіне;
5) "М. Горький" көшесін – "Хантәңірі" көшесіне;
6) "Овражная" көшесін – "Үшқоңыр" көшесіне;
7) "Молодежная" көшесін – "Жас қыран" көшесіне;
8) "Казахская" көшесін – "Аруана" көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үшқұдық ауылдық округінің әкімі |
Б. А. Акдаулетов |