2025 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерін бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 10 қыркүйектегі № 252 қаулысы

      Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген), Алға аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер бекітілсін.

      2. "Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Шүйіншалиев

  Алға әкімдігінің
2025 жылғы "10" қыркүйек
№ 252 қаулысына қосымша

1 қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф

Мекемелердің түрлері

Қызмет алушылардың түрлері

Күніне 1 қызмет алушының тарифі (теңге)

Кіші түрі

Қызмет алушының жағдайы

1

2

3

4

5

1.

Жартылай стационар

Он сегіз жастан асқан тұлғаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру

Жасы ұлғайғандықтан өзін-өзі күтуге қабілетсіз адамдар

5819,98

2.

Үйде қызмет көрсету



1280,86


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады