Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әйтеке би ауданы әкімдігінің "Әйтеке би аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Әйтеке би аудандық жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемеақысы 50 (елу) пайыз көлемінде белгіленсін.
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би аудандық мәслихатының төрағасы |
Б. Сейлханов |