"Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Аңсар" ақпараттық талдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы" Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 162 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2025 жылғы 27 маусымдағы № 229 шешімі

      Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе облыстық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 162 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Аңсар" ақпараттық талдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы" шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртібі мен шарттарына сәйкес түзету коэффициентін есепке алмағанда, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Ақтөбе облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Аңсар" ақпараттық талдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жүз пайыз мөлшерінде ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың төрағасы Г. Сүйінтаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады