Ақтөбе қаласының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 111 қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2025 жылғы 27 маусымдағы № 221 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 және 27-баптарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 21 ақпандағы қорытындысының негізінде, Ақтөбе қаласының тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе қаласының мына құрамдас бөліктері қайта аталсын:

      Алматы ауданы бойынша:

      "Белогорка" тұрғын үй алабын – "Құндызды" тұрғын үй алабы;

      Кирпичный көшесін – Роза Бағланова көшесі;

      Вагонный көшесін – Байғазы көшесі;

      Комсомольский көшесін – Ақтерек көшесі;

      Квартал Энергетиков көшесін – Қазығұрт көшесі;

      Цветочный көшесін – Ырысты көшесі;

      Октябрьский көшесін – Сафуан Шаймерденов көшесі;

      Нахимов көшесін – Тоқтамыс хан көшесі;

      Можайский көшесін – Сарыбұлақ көшесі;

      "Астана" ауданы бойынша:

      Холмогорский көшесін – Тоқмансай көшесі;

      Мир даңғылын – Бейбітшілік даңғылы;

      Новый көшесін – Ораз Жандосов көшесі;

      Садовый көшесін – Айнабұлақ көшесі;

      Хмельницкий көшесін – Сертай Кенжалин көшесі;

      Местпром тұйық көшесін – Әбу Сәрсенбаев тұйық көшесі.

      2. Осы бірлескен Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы және Ақтөбе облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров
      Облыстық мәслихаттың төрағасы Г. Суентаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады