Қосшы қаласында 2026 жылға aрналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № А-08/306 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Арнаулы әлеуметтік Қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (тіркелген № 32987 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде) сәйкес, Қосшы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері бекітілсін.

      2. "Қосшы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде көрсетілетін қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Б.Жұмкейге жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Қапышев

  Қосшы қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "____" _______
№ ________ қаулысына
қосымша

1 қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф

Мекемелердің түрлері

Қызмет алушылардың түрлері

Күніне 1 қызмет алушының тарифі
(теңге)

Кіші белгі

1

2

3

4

1.

Жартылайстационар

Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар

23 001,17

Психоневрологиялық патологиясы бар балалар

23 001,17

2.

Уақытша болу

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны

8283,77

4.

Үйде қызмет көрсету


2242,55


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады