Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 4 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35, 37-баптарына сәйкес, Бірлік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитетіне жер учаскелерін алып қоймай, 1 жыл мерзімге Ақмола облысы, Сандықтау ауданы: Красная поляна ауылы, жалпы ауданы 1,1479 гектар, Арбузинка ауылы, жалпы ауданы 0,9162 гектар, Петриковка ауылы, жалпы ауданы 1,3133 гектар мекенжайында орналасқан жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін, құрылыс үшін және топтық су құбырына қызмет көрсету.

      2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті топтық су құбырын салу және оған қызмет көрсету мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтасын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      К.Сенгирбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады