Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңнамасына, Премьер – Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 "Арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін қалыптастыру қағидалары мен әдістемелерін бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 32987 тіркелген) сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртібі бойынша бекітілген бюджеттің аясында қызметтердің уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарқайың ауданы әкімінің бақылаушы орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Е.Жүсіпбеков |
| Жарқайың ауданының әкімдігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № А-12/356 қаулысына қосымша |
1 қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф
№ | Мекемелердің түрлері | Қызмет алушылардың түрлері | Күніне 1 қызмет алушының тарифі (теңге) | |
Кіші белгі | Қызмет алушының жағдайы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Уақытша болу | Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ | 13 392,82 | |
2. | Үйде қызмет көрсету | 3 542.4 | ||
