2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224 Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 17-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары–Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 302 бұйрығымен. 281 Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістерін бекіту туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақмола облысы бойынша филиалына және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау үшін ұсынуды;
2) осы қаулыны Жарқайың ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарқайың ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары А. Әбеноваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың ауданының әкімі | Е.Жүсіпбеков |
Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 7 қазандағы № А-10/292 қаулысына қосымша |
1 қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф
№ | Мекемелердің түрлері | Қызмет алушылардың түрлері | Күніне 1 қызмет алушының тарифі (теңге) | |
Кіші белгі | Қызмет алушының жағдайы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Уақытша болу | Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ | 18952,54 | |
2. | Үйде қызмет көрсету | 3176,5 |