Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ерейментау ауданы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" және "Тілдерді оқыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындау туралы" Ерейментау ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 05 шілдедегі № а-7/194 қаулысына өзгеріс енгізілсін:
қаулының 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Ерейментау ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Тілдерді оқыту орталығы" "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлеріне лауазымдық жалақыдан (оның ішінде А1/3, А2/3, В2/1, В2/4, В3/4, С2 санаттарының қызметкерлері) лауазымдық жалақыларына 50% - ға (елу пайыз) дейінгі мөлшерде жергілікті бюджет қаражаты есебінен ынталандырушы үстемеақылар белгіленсін."
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ерейментау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 05 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі | Н.Мұқатов |