Астрахан аудандық мәслихатаның 2025 жылғы 28 наурыздағы № 8С-34-6 "Астрахан ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері жөніндегі комиссияны бекіту туралы" шешіміне өгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 8С-44-15 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және аудан әкімінің 2025 жылғы 24 қыркұйектегі № 07/537 хатына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Астрахан аудандық мәслихатаның 2025 жылғы 28 наурыздағы № 8С-34-6 "Астрахан ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері жөніндегі комиссияны бекіту туралы" шешіміне келесі өгерістер енгізілсін:

      комиссия құрамына Мадина Молдағалиқызы Баймолдина – Астрахан ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы енгізілсін;

      комиссия құрымынан Амангелді Кеңесұлы Башаров шығарылсын.

      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Астрахан аудандық мәслихатының төрағасы М.Қожахмет

 
  Астрахан аудандық
мәслихатының
2025 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 8С-44-16 шешіміне
1 қосымша

"Астрахан ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері жөніндегі комиссиянын құрамы

Ерсейітов Талғат Аманбайұлы

Астрахан ауданының әкімі, комиссия төрағасы

Оспанова Ғалия Егімбайқызы

Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы

Ажикова Тамила Айтмагамбетовна

Астрахан ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бас маманы ;

Жапаров Дархан Нұрланұлы

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаменті Астрахан ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісу бойынша)

Вереина Светлана Геннадиевна

Астрахан ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы

Баймолдина Мадина Молдагалиевна

Астрахан ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы";

Галинов Виталий Витальевич

Астрахан ауданының қоғамдык кеңестің төрағасы
(келісу бойынша) ;;

Абдибеков Нуртас Талгатбекович

Астрахан аудандық мәслихатының депутаты (келісу бойынша) ;


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады