"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қоғамдық тәртіпке қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және Астрахан ауданы әкіміні 2025 жылғы 19 наурыздағы № 07/182 ұсынысына сәйкес, Астрахан ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астрахан ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссия 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Астрахан аудандық мәслихатының төрағасы | М.Қожахмет |
| Астрахан аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы № 8С-34-4 шешіміне 1 қосымша |
"Астрахан ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссиянын құрамы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 04.12.2025 № 8С-44-15 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.
Ерсейітов Талғат Аманбайұлы | Астрахан ауданының әкімі, комиссия төрағасы |
Оспанова Ғалия Егімбайқызы | Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Ажикова Тамила Айтмагамбетовна | Астрахан ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бас маманы ; |
Жапаров Дархан Нұрланұлы | "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаменті Астрахан ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісу бойынша) |
Вереина Светлана Геннадиевна | Астрахан ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Баймолдина Мадина Молдагалиевна | Астрахан ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы"; |
Галинов Виталий Витальевич |
Астрахан ауданының қоғамдык кеңестің төрағасы |
Абдибеков Нуртас Талгатбекович | Астрахан аудандық мәслихатының депутаты (келісу бойынша) ; |