Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген), Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері бекітілсін.
2. "Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астрахан әкімінің жетекшілік ететін орынбасары Ғ.Е. Оспановаға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т.Ерсейітов |
Астрахан ауданы әкімдігінің 2025 жылғы "18" қыркүйектегі № А-9/197 қаулысына қосымша |
2025 жылға арналған бірінші көрсетілетін қызметті алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф
№ | Мекемелердің түрлері | Қызмет алушылардың түрлері | Күніне бір қызмет алушының тарифі (теңге) | |
Кіші түрі | Қызмет алушының жағдайы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Үйде қызмет көрсету | 2 338,99 |