Атбасар ауданы бойынша 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № а-9/197 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атбасар ауданы бойынша 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер бекітілсін.

      2. "Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар ауданының әкімі К.Әлімжанов

  Атбасар ауданы әкімдігінің
2025 жылғы "24" қыркүйек
№ а-9/197 қаулысына
қосымша

Атбасар ауданы бойынша 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер

Мекемелердің типтері

Күніне бір қызмет алушының тарифі (теңге)

1

Үйде қызмет көрсету

2613,31

2

Күндізгі болу бөлімшесі, жартылай стационар

5020,86

 
3

Мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталығы, жартылай стационар

6363,92

4

Мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығы, жартылай стационар

5645,66

5

Уақытша болу

7115,83


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады